Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы «командасымен» бірге ұсталды
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қамауға алынды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюроның облыстық департаментіне сілтеме жасап Вaq.kz.
Тергеу материалдарына сәйкес, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Масалимов, оның орынбасарлары - Р.Бижігітов пен Г.Жақсыбекова, мемлекеттік сатып алулар, техникалық бақылау мен мониторинг бөлімінің жетекшісі Б.Бейсебаев және экономика мен бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы И.Аймагамбетов қызмет бабын асыра пайдаланып, сыбайлас жемқорлыққа жол берген. Олар аймақтағы бас дәрігерлер мен басқа да азаматтардан 300 доллардан 10 мыңға долларға дейін пара алып келген. Ол аз дегендей дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша өткен тендерлерді заңсыз таратқан.
- Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
- Ерлан Масалимов
- Корреспондент
- қызық ақпарат