Имамдар мешітті паналап отырған жалғызбасты ананы 5 баласымен бірге қуып жібермекші
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 27 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Имамдар мешітті паналап отырған жалғызбасты ананы 5 баласымен бірге қуып жібермекші

Алланың үйін жылға жуық мекен етіп келген атыраулық көпбалалы ана енді көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр. Өйткені, тұрып жатқан бөлмесін имамдар өз мақсатында пайдалану үшін келіншектен сыпайы түрде босатуды сұрапты. Ешқандай табыс көзі жоқ отбасы баспана кезегінде тұр. Бірақ ол кезектің қашан жетері белгісіз. Мешітке келген қайырымды жандардың садақасы мен мемлекеттен берілетін жәрдемақыға жан сақтап отырған ана мен балалардың басқа барар жері жоқ. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. 

Шынаргүл Нұршаханованың тұңғышы – 10 жаста, кішісі – 3-те. Екеуі қала сыртындағы мектеп-интернатта оқиды. Бірақ жағдайдың жоқтығынан сабақтан көп қалады. Ал мектеп жасына жетпегендері үйде. Дін жолында жүрген жолдасы аяқ асты өзгеріп, отбасынан тастап кеткен екен. Ақырында істі болып, сотталып шыққан. Тіпті туған ата-әжесінің де немерелерін көргісі жоқ. Шынаргүлден өзінің тума-туыстары да теріс айналған.

-Туыстарым бар, Жаңаөзенде, Ақтауда тұрады олар. Оларға барайын десем, олар да «кет-кет» деп қуады. Қазір өз күнін өзі көреді, ешкім ешкімді асырауға тиісті емес" - деді 5 баланың ана. 

Өкінішке қарай, жергілікті биліктен де қайран болмай тұр. Баспана кезегіне тұрғанымен, қуанышты күннің қашан туары белгісіз. Өйткені Шынаргүл Нұршаханова көпбалалы отбасы ретінде 2015 жылдың 27 қаңтарынан бастап тізімге тіркелген. Қазір реттік саны – 3824. Тұрғын үй мәселесі кезегіне сәйкес қаралады. 

Абақтыдан жаңа шыққан жұбайы бес баласына алимент те төлемей қашып жүр. Бәрінен күдер үзген келіншек енді қайырымды жандардан ғана көмек күтіп отыр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Кім кіммен нағашы-жиен?

Газетіміздің өткен нөмірінде жарияланған «Кім кіммен бажа?» атты мақала басылым оқырмандарын қызықтыра түссе керек, редакциямызға хабарласып, білгендерімен бөліскендер аз болмады. Тіпті кейбірі алдағы...

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ Қоғам

Желі қолданушылары мәжілісмендердің Атырауда өткен митинг туралы пікірін сорақылыққа теңеді (видео)

24 сәуірде Атырауда жер сатуға қатысты наразылық митингі өткен болатын. Бұл оқиға ел бойынша қызу талқыланды. Осыған орай Азаттық радиосы орындарына жаңа ғана кіріскен Мәжіліс депутаттарының аталған ж...

Korrespondent.kz Қоғам

Исекешевтің баспасөз хатшысы журналистердің бүгінгі әрекетін көріп, тарақандар есіне түсіп кеткенін айтты

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы  журналистердің бүгінгі жүргізген сауалнамасын көріп, тарақандар есіне түсіп кеткенін жасырмады. Бұл туралы ойымен хатшы «ф...

Korrespondent.kz Қоғам

Имамдар мешітті паналап отырған жалғызбасты ананы 5 баласымен бірге қуып жібермекші

Алланың үйін жылға жуық мекен етіп келген атыраулық көпбалалы ана енді көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр. Өйткені, тұрып жатқан бөлмесін имамдар өз мақсатында пайдалану үшін келіншектен сыпайы түрде бо...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter