Мемлекет басшысы педофильдерді кастрациялау заңына қол қойды
Қазақстанда педофильдерге химиялық кастрация жасауға рұқсат ететін заң қабылданды. Мемелкет басшысы Назарбаев бүгін бұл жайлы "Балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Заңды наурызда парламент мақұлдаған. Бұл туралы Азаттық Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстандық депутаттар бұған дейін кастрация адамды жыныстық зорлық-зомбылықтан ескерту үшін, белгілі бір уақытқа инъекция егу арқылы жасалатынын айтқан.
Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Әйтімова кастрация медициналық мекемеде сот шешімі бойынша ғана орындалатынын хабарлаған.
- Нурсултан Назарбаев
- Нұрсұлтан Назарбаев
- закон
- педофиль
- зорлық
- Корресопондент
- қызық ақпарат