Назарбаевтың баспасөз хатшысы министр болды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Дүйсенбi, 9 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

Назарбаевтың баспасөз хатшысы министр болды

Фото: khabar.kz

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі болып ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болып жүрген Дәурен Абаев тағайындалды.

Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. Еңбек жолын 2001 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында бастаған. 2003-2007 жылдары ҚР Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында  ҚР СІМ Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы, 2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсанында ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты, кейін ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.

2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

2013 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Айта кетейік, кеше Ақордада өткен кеңесте Президент жаңа уәкілетті мемлекеттік орган – Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырған болатын.

 «Ақпараттық саясатқа келер болсақ, бұл функция қазір басқа министрліктің құзырында тұр. Үкіметте бұл саланы үйлестіріп отырған ешкім жоқ, ақпараттық жұмысқа бөлінген мемлекеттік ақша қайда кетіп, қайдан келіп жатқанын ешкім бақылап отырған жоқ. Сондықтан, Бес реформаның орындалу барысын тиімді тарату үшін қазіргі ақпараттық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін жаңа уәкілетті мемлекеттік орган - Ақпарат және комуникация министрлігін құруды тапсырамын», - деп атап өтті Мемелкет басшысы.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Коллектор ХХІ ғасырдың рэкеті ме?

Осы мәселе, нақтырағы «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы бір айдан бері мәжілісмендердің «мүжіп» талқылаған тақырыбына айналды. Алтыншы шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің назарына бұл заң 5 ...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Заң-заман

Шымкенттіктің айлығынан қайыршының шайлығы көп

Шымкенттіктердің орташа айлық жалақысы Қазақстанның көптеген қалаларынан кем, бар-жоғы – 84 179 теңге. Ал бүкіл Қазақстан бойынша орташа жалақы көлемі – 133 922 теңге. Оңтүстік өңір жалақы көлемі жөні...

Жанат ҚАПАЛБАЕВА Сараптама

«Қара қағаздан» кейін туылған қара бала

Аға буын Отан соғысы, кейінгі ұрпақ Екінші Дүниежүзілік соғыс деп танитын адамзат тарихындағы ең сұрапыл қанды қырғынның өткеніне 71 жыл толса да, сол жылдардың құрбаны болғандардың нақты санын әлі кү...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Қоғам

Шіренген шенеунік болғысы келетіндер көп

Бұрындары парақорлықпен қолға түскен шенеуніктерге жұрт жиіркенішпен қарайтын. Бүгінде аяушылық білдіретін болды. Бейне бір бойын дерт дендеген сырқат қоғамның құрбандығы деп қарайтындай. Әуелгілер ал...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Сараптама

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter