ОҚО-да қатты дауыл шатырын жұлып әкеткен үйлерді депутаттар жөндеп беріп жатыр (фото)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да қатты дауыл шатырын жұлып әкеткен үйлерді депутаттар жөндеп беріп жатыр (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданында қатты желдың салдарынан 300-ден астам үй мен білім мекемелерінің ғимараттары зардап шеккен болатын.

Бұл жағдай отырарлық жұртшылыққа ауыр тиді. Алайда үйлеріне зақым келген жерлестерін көрген жергілікті тұрғындар қолдарынан келгенше көмектерін беруге білек сыбана кірісіп кетті. Алғашқылардың бірі болып депутат Асан Аралбай өз қаржысына құрылыс материалдарын алып, үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Депутат Аралбай бұған дейін өзінің иелігіндегі сауда орнында аптаның әр жұмасында тегін нан таратып, халықтың алғысына бөленіп үлгерген азамат. 

Желдің құрсауында қалған үйлерді жөндеуге еріктілер тобы да көмек қолын созып жатыр. Тіпті жұмысшы топ шелектеп құйған жауынға қарамастан жөндеу шараларын жалғастыруда. Айта кетейік, бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов табиғи апаттан ең көп зиян көрген Мөлке Шойманов ауылында болды. Аудан басшысы алдымен қатты соққан дауылдан шатырын ұшырып әкеткен отбасылардың үйлерін аралап шықты. Мұнан соң аудан басшысы ауылдың қалталы азаматтарын мемлекетке қол қусырып қарап отырмай, жәрдем беруге шақырды.

 14 маусым күні сағат 22:30-23:25 аралығында ОҚО аумағында жылдамдығы 25-30 метр болатын күшті жел Отырар, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласындағы 300-ден астам тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың шатырын ұшырып, ағаш және электр бағаналарына зиян келтірген болатын. Салдарынан Отырар ауданныда жарық түгелімен өшірілді. Оқиға орнына аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов  барып, тұрғындармен кездесті. Арнайы комиссия құрылып, келтірілген шығын есептеліп жатыр.

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттегі қазақ драма театрдың директоры сахна төрінде көпшіліктің күлкісіне айналды

Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының жаңа басшысы Сәбит Мандипов көрермендердің ашуын тудырып, тіпті мазағына айналды. Бұл оқиға театрдың 82-ші маусымының жабылуына ...

Korrespondent.kz Қоғам

Қанішер бойжеткенді 24 жерінен пышақтап тастаған

Қостанайда көпшіліктің жағасын ұстатқан қанды оқиға орын алды. Бойжеткен қандықолдың қолынан қаза тапты. Қанішер аруға пышақпен 24 дене жарақатын салған. Бұл туралы Қостанай таңы жергілікті басылымы ж...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкентте байлар тұратын тұрғын үйде атыс болды

Шымкент орталығында  атыс болды. Бұл оқиға шаңқай түсте, күндізгі сағат үштер шамасында орын алған, деп хабарлайды Отырар арнасы. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Нұр Отан» мен мүфтият бірігуі мүмкін бе?

«Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігін, яғни мүфтиятты біріктіріп, жаңа ұйым құруды Астана қаласының тұрғыны Азамат Көшенов ұсынды. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақш...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter