Елбасы: "Қазақстан Президенті әйел адам болуы мүмкін... Менің де үш қызым бар"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Елбасы: "Қазақстан Президенті әйел адам болуы мүмкін... Менің де үш қызым бар"

Фото: www.uralskweek.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президентінің әйел азаматы бола алатынын айтты. Бұл туралы ол Санкт-Петербургте өтіп жатқан экономикалық форум барысында мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ.

 

"Сіздер неге Қазақстанда әйел адам Президент бола алмайды деп есептейсіздер? Әбден болуы мүмкін. Гендерлік саясат жақсы дамып келе жатыр, билікте әйел адамдар көп. Парламентте 30 депутат әйел бар. Оның үстіне, менің де үш қызым бар", - деп қалжыңдай жауап берді Назарбаев.

Сөз соңында Президент әйелдерге "ерекше көзқараста" екенін де жеткізді. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми іссапармен Санкт-Петебургте жүр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

зауре
+2 зауре 18.06.2016 08:05
Нурсултан Абиш улы мены толгандырып журген сурак аиел жалдастардын пенсияга шыгу жасын 63 ке апарганы оиландырады.Казахстан аиелдеры осы суракты котереиыкшы.Сыздер бул туралы не оилаисыздар? Мен озым курылысшымын жасым 51 де быздерге 63 жаска деиын алы 12 жыл бар. 12 жылда мен кандаи куиде боламын.Ауруболып немерелерыме карауга шамам келема? Соны оиланыздаршы?
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Депутаттың кедейі жоқ...

Дәулетті депутат – қалыпты жайт. «Тегін адам таз болмас» дегендей, халық қалаулысы атану үшін де жағдай мен қаражат қажет. Көбісі кәсіпкер, миллионер бизнесмен, бұрынғы шенеунік, жалпы алғанда қоғамда...

Жанат ҚАПАЛБАЕВА Саясат

Айдос САРЫМ, саясаттанушы: «Дайын емессің бе, онда жемқорлықпен күресемін деп айтпай-ақ қой»

Биыл Қазақстанның егемен ел болғанына ширек ғасыр толады. Өкінішке қарай, құлқынының құлына айналып, мемлекет қаржысына қол сұғатын сұғанақтардың саны кемитін емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттал...

Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК Саясат

Отырардағы емхананның «потологы» опырылып түсті

Пайдалануға берілгеніне көп болмай жатып, құлап қалатын құрылыс нысандары кейінгі кезде көбейіп барады. Қарағандыдағы «Бесоба» кешеніндегі көпқабатты үйлердің өкініші әлі ұмытыла қойған жоқ. Оның ізін...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Дамыған 30 ел баяғы жартастың басында ма?

Қазақстанда кедейлер саны 2,5 миллионды құрапты. Бұл – елдегі барлық азаматтардың 14%-ы! Дүниежүзілік Банк жуырда жариялаған баяндамасында Қазақстанның әлеуетіне сараптама жасап, елімізде кедейшілікті...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter