Шымкенттіктер қоғамдық көлікте тегін қатынап жүр
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілері қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасауда. Көлік компаниясындағылар қала тұрғындары мен қонақтарын тегін тасымалдап жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Әлеуметтік желіде Шымкент тұрғыны түсірген бұл сурет желі қолданушыларының алғысына ие болуда. Өздеріңіз көріп отырғандай, №17 автобус ораза уақытында тегін жол жүру белгісімен безендірілген.
Әлеуметтік желі пайдаланушылары автобус жүргізушісіне көптеген ақ тілектер тілеп, пікірлерін қалдыруда. Айта кететін жайт, №17 автобус жағдайы төмен отбасылар мекендеген жерлермен көп жүреді.
- шымкент
- Рамазан айы
- Рамадан
- қасиетті ай
- шымкенттік қоғамдық көліктер
- Шымкент автобус
- Корреспондент
- қызық ақпарат