Подобедова: "Менің берер жауабымнан гөрі қояр сұрағым көп"
Допинг дауына ұшыраған қазақстандық тағы бір ауыр атлет Светлана Подобедова бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады 365info.kz.
«Бұл ақпаратты естігенде төбемнен жай түскендей болды. Мына жағдайда, тіпті, не істейтінімді де білмеймін. 2009 жылдан бастап Қазақстан атынан сынға түсе бастадым, осыған дейін барлық лицензиялық турнирлерде, соның ішінде, 2012 жылғы Олимпиада ойындарында да допинг-тестерден бірнеше рет өттім.
Барлық сынамада бойымда допинг жоғы анықталған еді, қайта тексеру процедурасын, спортшыларды қай принциппен іріктегені маған мүлде түсініксіз. 4 жыл өтті… Бұл тұтас бір кезең… Неге Рио Олимпиадасына екі-ақ ай қалғанда осындай даудың шетін шығарып отыр. … Менің берер жауабымнан гөрі қояр сұрағым көп" деп ағынан жарылды спортшы.
"Алайда ТМД-ның белгілі спортшылары уақытша жарыстардан шеттетіліп отырғаны шындық. Осы сәттен бастап, мен өз құқығымды қорғаймын. Спорт әлемінде тұтанған дау-жанжал өртіне қарамастан, жаттығуымды жалғастыра беремін!, – деп жазды Подобедова инстаграмдағы жеке парақшасында. Айта кетейік, бұған дейін Подобедованың әріптесі, екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин де допингке қатысты шыққан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасаған болатын.
- Светлана Подобедова
- Света Подобедова
- Илья Ильин
- Олимпиада чемпионы
- Рио Олимпиадасы
- допинг дауы
- корресондент
- қызық ақпарат