Астана тұрғыны жаңа әжетхананың ашылуына қала әкімі Жақсыбеков келеді деген сенімде
Астаналық тұрғын Азамат Көшенов бас қаладағы Жастар сарайы маңында жаңа әжетхананың ашылуы болатынын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Тіпті ол дәрет сындыратын орынның ашылуына әкімнің өзі қатысатынына сенімді.
«Елорда тұрғындары мен қонақтар, қалалық әжетханаға келіңіздер! Жуырда ашылуы! Астана қаласы, Жастар сарайының маңында. Атына қарасақ, ашылуына шаһар әкімі Жақысбеков мырзаның өзі қатысады деген ой келеді. Неге олай ойлап отыр дейсіздер ме? Біріншіден, ол қалалық. Екіншіден, ондағы жазу орыс тілінде» деп жазды тұрғын желідегі парақшасында. Онымен қоймай қаланың жағымсыз иісінен әбден шаршаған болу керек, астаналық азамат биліктегілерді қалжыңдап та алды.
«Бастысы, енді ол жерде жағымсыз иіс болмасын. Ал егер де оның жанынан киіз үй көрсеңіз, еш қорықпастан кіре беріңіз. Себебі киіз үйде Хорошун тұрады» деп келеке етті автор.
Ақпарат ретінде айта кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айының соңында Астананың ауасына алаңдаған Елбасы қала әкімін ұрсып тастаған болатын.
«Астанада сасық иіс бар әлі. Егер биыл шешпесеңдер, Хорошун екеуіңе Талдыкөл жағасына киіз үй тіккіземін, сонда тұрасыңдар. 6 млрд теңге жұмсалды, түк бітпеді. Астанаға кім келеді, мынадай жағымсыз иісі мүңкіп тұрса», деп ашуланды Мемлекет басшысы. Елбасы атап өткен Хорошун – Астана әкімі Жақсыбековтің бірінші орынбасары Сергей Михайлович.
- Астана
- Азамат Кошенов
- Әділбек Жақсыбеков
- Адильбек Джаксыбеков
- столица
- корерспондент
- қызық ақпарат