ОҚО әкімі күзде уәде еткен автобусты жазда тарту етті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театр ұжымына су жаңа автобус сыйлады. Бұл сыйлық ұжым қызметкерлерін қуантып тастады. Тіпті ондағылар енді театр әртістері автобусқа отырып алып, рахаттана іс-сапарға шығатын болды деп жүр.
Аймақ басшысы темір тұлпарды сыйға тартқан соң театр қойылымын тамашалады. Айта кетейік, облыс әкімі Атамқұлов өткен жылдың қыркүйек айында театр ұжымына автобус әперетінін айтып, уәде еткен еді. Себебі жаңа ғимаратқа көшкен театр ұжымымен алғаш рет жүздескен әкім қазақи салтты ұстанып, «көрімдікке» автобус сыйлауды жөн санаған еді. Бұл уәде сегіз айдан соң жүзеге асты.
Оңтүстік Қазақстан әкімі Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрына өткен жылдың 30 қыркүйегінде барды. Бұл күні жазушы, драматург, сыншы Сәбит Досановтың «Тозақ шеңбері» атты қойылымының премьерасына өтті. Қойылымды тамашалаған әкім спектакль авторына шапан жауып, театр ұжымына табыс тілеген болатын.
- ЖШанин
- Шанин театр
- ОҚО
- ЮКО
- Бейбут Атамкулов
- Бейбіт Атамқұлов
- Аким ЮКО
- ОҚО әкімі
- Корреспондент
- қызық ақпарат