ОҚО-да қатты дауылдан келген шығын 87 млн теңгені құрады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да қатты дауылдан келген шығын 87 млн теңгені құрады

ОҚО-да күшті желдің салдарынан болған шығын ең қысқа мерзімде қалыпқа келтіріледі. Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОҚО ТЖД басшысы А.Путейко мен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы басқармасының басшысы М.Марайым осылай деді.

 

Баспасөз жиынында белгілі болғандай, күшті дауылдың салдарынан Отырар ауданына қарасты 7 ауылдық округтегі 650 үй мен 20 әлеуметтік нысанға зиян келіп, алдын ала болжанған шығын көлемі шамамен 75 млн теңгені құраған.

Спикерлердің айтуынша, бүгінгі таңда ондағы 156 баспана кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындардың күшімен қайта қалпына келтірілген.
Ал Түркістан қаласындағы Қарашық ауылдық округінде көлемі 500 м2 болатын 1 мектеп пен ауқымы 963,93 м2 құрайтын «Ататүрік» атындағы білім ордасының шатыры ұшқан. Аталған білім ордаларына келген шығын 12 млн. 271 мың теңгені құрады.
Түркістан қаласы мен Отырар ауданы әкімдерінің шешімі негізінде қос өңірде жергілікті маңыздағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл тосын жағдайдан келген шығынды заң аясында төлеуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда үзілген электр желілері қайта қалпына келтіріліп, электр қуаты толығымен берілді. Сондай-ақ, қос ауданда дауылдың салдарынан болған залалды жоюмен айналысатын арнайы топтар мен еріктілер тобы құрылды.
Айта кетейік, 14 маусым күні сағат 22:30-23:25 аралығында ОҚО аумағында жылдамдығы 25-30 метр болатын күшті жел Отырар, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласындағы 300-ден астам тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың шатырын ұшырып, ағаш және электр бағаналарына зиян келтірген болатын. Салдарынан Отырар ауданында жарық түгелімен өшірілді. Оқиға орнына аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов  барып, тұрғындармен кездесті. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Мәсімов орнынан кетуі мүмкін

Сейсенбі күнгі өзгерістерге қарағанда жуық арада Мәсімов орнын босататын сияқты. Оған себеп – француздардың оны жемқорлық бойынша айыптауы ма, әлде қазақша сөйлей алмайтындығы ма, мүмкін, әкесінің жет...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Баян Есентаева сенбі күні ауруханадан шығарылуы мүмкін

Жуырда күйеуінен зәбір көріп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан танымал продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның жағдайы жақсара бастады. Дәрігерлердің айтуынша, науқасты ешкім мазаламас үшін он...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Елбасы: "Қазақстан Президенті әйел адам болуы мүмкін... Менің де үш қызым бар"

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президентінің әйел азаматы бола алатынын айтты. Бұл туралы ол Санкт-Петербургте өтіп жатқан экономикалық форум барысында мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ...

Korrespondent.kz Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter