Мәсімов: Үкiмет ендi соңғы шешiм қабылдамас бұрын халықпен ақылдасады
Үкiмет ендi соңғы шешiм қабылдамас бұрын халықпен, депутаттармен ақылдасып, кеңесетiн болады. Министрлер кабинетi жасап жатқан жұмыстарын халыққа толыққанды жеткiзуде болған олқылықтардың орнын толтырмақ. Бұл туралы бүгiн ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында ҚР Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бiз үнемi Парламентпен кеңесетiн боламыз. Мемлекет басшысы айтқандай, бiз соңғы шешiм қабылдағанға дейiн халықпен ақылдасуымыз қажет. Қазiр осындай рәсiм басталып кеттi. Президент тарапынан әдiл сын айтылды. Үкiмет, министрлiктер, тиiстi органдар не iстеп жатқандарын халыққа дұрыс жеткiзбейдi, депутаттармен қажеттi деңгейде талқыламайды дедi Мемлекет басшысы. Бiз бұдан сабақ алдық. Қазiр ендi әрiптестерiмiзбен бiрге жасап жатқан жұмысымызды белсендi жеткiзетiн боламыз», - дедi Премьер-министр.
Айта кетейiк, Астанада ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысы өтiп жатыр. Отырыста депутаттар Үкiмет пен республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есеп комитетiнiң 2015 жылғы республикалық бюджеттiң орындалуы туралы есептерiн қабылдайды.
- Карим Масимов
- Кәрім Мәсімов
- Премьерминистр
- Үкімет басшысы