ОҚО-да үздік дәрігерлер марапатқа қарық болды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да үздік дәрігерлер марапатқа қарық болды

Оңтүстік Қазақстан облысында   медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға қатысқан өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов дәрігерлерді төл мерекелерімен  құттықтап, сала үздіктерін марапаттады.

 

«Адам өмірін ұзартуға септігін тигізетін ақ халатты абзал жандардың еңбектерінің өте зор екені барша жұртшылыққа мәлім. Алдағы уақытта да денсаулық сақтау ісін тиімді ұйымдастырып, халыққа көрсетіп отырған дәрігерлік көмек көлемі мен сапасын жақсартуды жоғары нәтижемен атқаратындарыңызға сенімдімін», - деді  аймақ басашысы Атамқұлов.

Шара аясында аймақ басшысының медалімен және облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысының құрмет грамотасы және Алғыс хаттары сынды сый-сияпаттармен 30-дан астам дәрігер марапатталды. Солардың ішінде облыстық балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Алмат Байсалов, Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасының желілік бригадасының дәрігері Гүлбала Минасилова мен Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көсрету ауруханасының дәрігер-хирургі Жорабек Сүйгенбаев "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" медаліне ие болды. Әнуарбек Маймақов басшылық ететін облыстық балалар ауруханасы "Үздік медициналық ұйым" номинациясына қол жеткізді. Салтанатты жиын соңы мерекелік бағдарламаға ұласты.

Айта кету керек, облыста 7303 дәрігер мен 22368 медициналық бикелер жұмыс істейді. Соңғы жылдары өңірде кадрлар тапшылығы 2 есеге, ауылдық жерлерде 2,5 есе төмендеді. Медициналық мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыруға облыстық бюджеттен жыл сайын 300 млн. теңгеден астам бөлініп, 10 мың маман білімін жоғарылатуда.

Тәуелсіздік алған ширек ғасырда Оңтүстік Қазақстан облысында жаңадан 347 денсаулық сақтау нысаны салынса, оның 8-і «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша бой көтерген. Медициналық ұйымдардың материалдық техникалық базасының жарақталу көрсеткіші 65%-ды құрап, республикалық орта көрсеткішке қол жеткізілді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттегі қазақ драма театрдың директоры сахна төрінде көпшіліктің күлкісіне айналды

Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының жаңа басшысы Сәбит Мандипов көрермендердің ашуын тудырып, тіпті мазағына айналды. Бұл оқиға театрдың 82-ші маусымының жабылуына ...

Korrespondent.kz Қоғам

Қанішер бойжеткенді 24 жерінен пышақтап тастаған

Қостанайда көпшіліктің жағасын ұстатқан қанды оқиға орын алды. Бойжеткен қандықолдың қолынан қаза тапты. Қанішер аруға пышақпен 24 дене жарақатын салған. Бұл туралы Қостанай таңы жергілікті басылымы ж...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкентте байлар тұратын тұрғын үйде атыс болды

Шымкент орталығында  атыс болды. Бұл оқиға шаңқай түсте, күндізгі сағат үштер шамасында орын алған, деп хабарлайды Отырар арнасы. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Нұр Отан» мен мүфтият бірігуі мүмкін бе?

«Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігін, яғни мүфтиятты біріктіріп, жаңа ұйым құруды Астана қаласының тұрғыны Азамат Көшенов ұсынды. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақш...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter