Ауыл имамы Миша есімді қонжық асырап отыр
Шығыс Қазақстан облысында ауыл имамы қонжық асырауға көшті. Оған Миша деген есім берген. Екі аптадан бері қолға үйретіп жатқан қожайынның бұйрықтарын да бұлжытпай орындайды екен. Тіпті, балалардан қалмай ойнап, өзенге бірге шомылады, деп хабаралйды КТК арнасы.
Ауыл имамы Раушан Зульфиев қонжықты егіс алқабынан тауып алыпты. Айтуынша, енесін браконьерлер атып алған көрінеді. Ал ол иен далада өлудің аз-ақ алдында қалған шынашақтай жыртқышты үйіне әкелуді жөн санаған. Бастапқыда оның бұл әрекетіне ауылдастары қарсылық білдірген. Қазір 3 айға толған Миша есімді қонжық көптің қаупін сейілтіпті. Иесінен ішетін сүті мен жейтін балын да дауыс шығарып сұрауды үйренген. Алғыс ретінде олардың беті-басын жалайтын көрінеді. Қонжықты қолда өсіруді ғаламтордан оқып біліп отырған Зульфиевтар оны зообаққа өткізгілері жоқ.