Мәсімов орнынан кетуі мүмкін
Сейсенбі күнгі өзгерістерге қарағанда жуық арада Мәсімов орнын босататын сияқты. Оған себеп – француздардың оны жемқорлық бойынша айыптауы ма, әлде қазақша сөйлей алмайтындығы ма, мүмкін, әкесінің жетімдер үйіне таласып, абыройсыз болғандығы әсер етті ме, рас болса, әйтеуір Елбасы Мәсімовты жуық арада орнынан алатын көрінеді.
Енді босаған орынға осыған дейін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, кешегі жер комиссиясында басы дауға қалмасын деп арашалап, баптап өсіріп отырған Бақытжан Сағынтаевты отырғызбақшы екен. Сағынтаев келіп жатса, елдің ішіне береке кіріп, билікте жүргендердің арасында алауыздық жойылып, мамыражай күн кешсек, жақсы ғой. Әй, бірақ қайдам...
Не десек те Кәрім өзге ПМ секілді арақ ішіп қаңғып кеткен жоқ, жүз мыңдаған гектар жерді жазып алмады, сотталып кетпеді, жер сатайық деп трибунадан сайрамады, қазақгейтке ұрынбады, шет елге қашып кетпеді. Өзі де, жанұясы да әлі күнге ештеңеге былыққан жоқ. Балаларының жаман аты шыққан жоқ