Атышулы блогер Шымкенттің бас тәртіп сақшысын ауруға теңеді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Атышулы блогер Шымкенттің бас тәртіп сақшысын ауруға теңеді

Фото: otyrar.kz

Құрылғанына көп уақыт өте қоймаған Шымкенттегі жергілікті полиция қызметіндегілердің жұмысы тұрғындар тарапынан жоғары бағаланып, елдің алғысына ие болып үлгерген болатын. Аталған мекеме құрыла жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханның өзі (лақап аты Дима) көшеге шығып, көліктерді тоқтатып, терезесін күңгірттеген көлік иелерін қатаң жазалап еді. Алайда шымкенттік блогер Айгүл Орынбектің тәртіп сақшыларының жұмысына өкпесі қара қазандай болып шықты. Тіпті ол Данияр Мейірханды «жұлдыз ауруына шалдыққан полицейский» деп айыптады. Бұл туралы ойын блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Желі қолданушының бұл жазбасына Данияр Мейірханның өз парақшасында бөліскен ойының астына қалдырған пікірі себеп болған секілді.

«Жұлдыз ауруымен ауыратын полицейский!  Данияр Мейрхан деген  жергілікті полиция қызметінің басшысы бар еді ғой бізде, тек интернет үшін жұмыс жасайтын, бүгін пост жазыпты астына пікір қалдырсам, мені блокқа тығып жайына кетті. Халыққа шағым айтыңдар, бəрін орындаймыз, қатырамыз, «бла-бла» əңгімелері үнемі бітпейді. Ал шағым айтса» блокқа кетесің!» деп ашынды автор. Сондай-ақ ол полицейлерді көзбояушылық үшін жұмыс істейді деп кінә тақты.

«Бұлай показуха үшін жұмыс істемей-ақ қойыңдаршы! Өткенде қол астында жұмыс істейтін қызметкерлері өтірік қылмыс жасап, өздеріне пиар жасау үшін ұсталып еді. Кімнен үйреніп жүр десем, басшысынан үйреніп жүр екен ғой. Бұларға тек отыра қалып сендер күштісіңдер деп бетіне мақтау керек екен. Жұмыстарының минустарын айтуға болмайды. Өйткені бұлар жұлдыз үшін жұмыс істеп жүргендер ғой, халық үшін емес!» деп жазды блогер. Әрине, бұны оқыған желі қолданушыларының ойы екі жаққа бөлінді. Бірі тәртіп сақшыларын қорғаштап, Данияр Мейірханның жұмысын жоғары бағаласа, келесі бірі жазба авторына қосыла, «мақтаншақ полицейский» деп пікір қалдырды. Сонымен қатар кейбірі қалада тәртіп бұзушылықтың артып кеткенін айтып, дабыл қақты.   

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Асет
+1 Асет 16.06.2016 05:08
Осы АТЫШУЛЫ блогерсымаққа қылмыстық іс қозғайтын уақыт келді! Біреуді мазақ етіп келемеждеуді қоймайды екен! Өзін заңгермін деуден алдын, қылмыстық кодекстерді оқысын!
Жауап беру
Баян
+1 Баян 16.06.2016 11:29
Мен де косыламын. Өсектен басқа түк былмейды оңбаған, блогерсымак
Жауап беру
Баян
+1 Баян 16.06.2016 11:30
Толықтай косыламын. Өсектен басқа түк білмес, блогерсымак
Жауап беру
Нұрлыбек
+5 Нұрлыбек 16.06.2016 11:01
Өте сауатсыз екендігіне 100 пайыз куәлік беремін. Қазақ сөздерін қате-қате жазады. Сосын өте бәдік. Блогер деген аттан садаға кетсін!
Жауап беру
Ақерке
0 Ақерке 20.06.2016 04:25
Құрметті Данияр Мейірхан! Ішкі істер саласындағы қызметтік міндетіңізді орындаудаудағы атқарып жүрген еңбегіңіз міндетті түрде ескеріледі! Жарайсыз, іске сәт!
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Гастарбайтерлердің кесірінен талай қазақ жұмыссыз қалды

Жұмыссыздықты жою бүгінде ең өзекті мәселелердің бірі ретінде жиі айтылады. Елімізде екі қолға бір күрек таппай, жетім бұрышты жағалап жүргендер аз емес. Сөйте тұра, қолымызға бір-екі теңге түссе, жал...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Кезегің келгенше келмеске кетуің мүмкін

Баспанасы жоқтың бабы келіспей, үйі жоқтың күйі болмайтыны белгілі. Әр жерге көшіп-қонып жүрген адамның жағдайы айтпаса да түсінікті. Бар тапқанын пәтерақысына төлеп, өлместің күйін кешіп жүрген отбас...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Қазақстандықтардың ажалы қай аурудан?

Қазақстан халқының санын өсіре алмай отырсақ, қырсық қылғандай аурулар да біртіндеп жасарып барады. Халықты өлімге алып келетін факторлар көбейе түсті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қаз...

Жан КЕНЖЕ Қоғам

Қыркүйек келсе - саудагерден ұят кетеді

Міне, жаңа оқу жылы да жақындап қалды. Баланы мектепке дайындау барысындағы қарбалас басталып та кетті. Жылдағы әдетінен жаңылмай биыл да баға біршама шарықтап шыға келді. Амалы құрыған ата-ана қолынд...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter