Астаналық бойдақ жігіт Баян Есентаеваға үйленуге дайын екенін айтты
Танымал продюсер Баян Есентаева оқиғасы елді есеңгіретіп, көптің талқысына түскен еді. Бүгінде ауруханада жатқан продюсердің амандығын тілеушілер саны күн санап артуда.
Нұрталап Пердебек есімді астаналық тұрғын танымал Баян ханымға үйленуге дайын. Бұл туралы ойын тұрғын әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жеткізді.
«Ел болып талқыланып жатыр ғой әйгілі продюсер Баян ханымның жағдайы. Жеке өзім ол кісімен таныстығым жоқ, бірақ талантын бағалаймын. Аман-есен ауруханадан сауығып шығуын тілеймін. Енді жұрт оны күйеуімен ажырасатын болды деп жүр. Әйеліне қол көтерген еркектің барар орны белгілі ғой. Баян ханым жолдасымен ажырасып кетсе, мен ол кісіні жар етіп алуға дайынмын. Екі қызы да бой жетіп отыр екен» деген тұрғын өзі туралы да қысқаша ақпарат бере кетуді ұмытпапты.
«Өзім туралы айтар болсам, 34 жастамын. Бұрын үйленбегенмін. Бойымда кемшілігім жоқ. Алматылықпын, бүгінде Астанада тұрамын. Жұмысым тұрақты. Табысым да жаман емес» деп жазған бойдақ жігіт бұл жазбасын өзгелерден күлкіге айналдырмауды өтінген. Алайда бұл желі қолданушыларының күлкісін келтіріп, кейбірі оның есі ауысқан деп айыптаса, келесісі оның әрекетін нағыз еркектік деп бағалады. Тағы бір қолданушы астаналық жігіт мұнысы арқылы Баян Есентаеваның заңды күйеуі Бақытбектен "таяқ жегісі келіп жүр-ау" деп болжамдаған.
Айта кетейік, өткен жұмада талай жанның жұлдыз болуына септігін тигізген Баян Есентаева күйеуімен жанжалдасып, оның соңы орны толмас өкінішке ұласқан. Спирттік ішімдік ішкен күйеуі Бақытбек Есентаев Баянды соққыға жығып қана қоймай, мұрнын сындырып, бас сүйегін зақымдаған. Ол аз дегендей іш тұсын пышақтап тастаған. Бүгінде бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бақытбек Есентаев екі ай уақытша қамауға алынды. Мамандардың айтуынша, Есентаев 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал продюсер ауруханада жатыр. Отандық БАҚ таратқан ақпарға сенсек, Есентаева бұған дейін де күйеуімен жанжалдасып, тіпті ажыраспақ болған екен.
- Баян Есентаева
- Бақытебк Есентаев
- Баян ханым
- танымал продюсер
- Корреспондент
- қызық ақпарат