Қазақ блогері әрі журналист Берік Сұлтан әлеуметтік желі көп уақытты жоғалтуға әкеп соғатындықтан оны жауып тастаса, біраз оң дүниелердің орын алатынына сенімді. Бұл туралы ойын блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Тіпті Үкімет желіні жауып тастаса, орын алатын әрекеттерді жіпше тізіп шыққан. Оның ойынша әлеуметтік желі жабылса, достармен жиі жүздесіп, жойылып бара жатқан қарым-қатынас қалпына келеді. Сонымен қатар блогплатформалар дамып, блогерлер блог жүргізе бастайды. Бастысы фейсбукқа пост жазып, блогермін деп жүргендер өздерінің әлеуметтікжелі қолданушы екенін түсінеді.