Екі ғасыр куәлары
- Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев 100 жастан асқан алтын құрсақты аналарды Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады. Мереке иелеріне әкімдік өкілі қала басшысының құттықтау хаты мен сыйлық табыс етті.
Құрметке ие болғандардың бірі – Рабиға Қоянбаева. 104 жастағы қарт ана 5 баланы тәрбиелеп-өсірген. Бүгінде 7 немере мен 9 шөберенің қызығын көруде. Ал 100 жасқа келген Малика Анапияева 9 құрсақ көтеріп, одан 20 немере, 8 шөбере сүйіп отыр.
Наира Аймағамбетова 3 баланы дүниеге әкелген. Бүгінде екі ғасырдың куәсі болған әженің 10 немере, 15 шөбере, 1 шөпшегі бар.
- Қызылорда
- Айдын Қайруллаев
- 100 жастан әйел
- Рабиға Қоянбаева