«Мәслихатқа есі түзу адам бара ма?»
- Жансая АКБАЛИНА
Әлеуметтік желілердің бірінде қазақстандық танымал саясаттанушы Айдос Сарым сайлауды ұйымдастырушылардың әрекетіне таң қалған. Оған саяси науқанға қатысу туралы алған шақыртуы себеп болыпты.
«Секең айтпақшы: жап-жаңалық! Алматыда тұрғалы бірінші рет мені сайлауға шақырған сайлауком қағазы келді. Бір өкініштісі кімге дауыс берерімді білмей отырмын» дейді саясаттанушы. Сөзінің соңында «мәслихатқа есі түзу адам бара ма?» деп үміткерлердің ақыл-есінің түзулігіне күмәнданатынын жасырып қалмаған. Бұл жазбаны оқыған өзге желі қолданушылары шақырту қағазына қатысты әдемі әзілдей біліпті. «Қағазда кімге дауыс беру керек екені көрсетілмеген бе?» десе, келесісі «Сіздің дауыс саналды «уже», келмесеңіз де, келсеңіз де» деп ойын жазыпты. Пікір қалдырғандардың арасында мұндай шақыруды әлі алмағандары да табылды.
- мәслихат
- Айдос Сарым
- қызық ақпарат