Айыппұл мөлшері азаюы мүмкін
- Бекжігіт МӘУЛЕНОВ
Еліміздің Әділет министрлігі әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын бірқатар айыппұлдың мөлшерін төмендетуді ұсынды. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.
Қазіргі кезде құқық бұзушылық арнайы тексеру-өлшеу, өзге де сертификатталған құралдардың көмегімен анықталған және көбіне ІІМ саласындағы құқықбұзушылық кезінде ғана қысқартылған өндіріс яғни, 7 күн ішінде салынған айыппұлдың 50% төлеу мүмкіндігі беріледі. Қалғанына бұл «жеңілдік» жүрмейді. Әділет министрлігінің өкілдері бұл шараның қолдану аумағын кеңейту мүмкіндігі барын айтады. Жеңілдетілген өндіріс тәжірибесін тек сертификатталған бақылау-өлшеу қондырғыларға ғана емес, банк қызметінен басқа әкімшілік құқық бұзушылықтың барлық түріне қолдануға мүмкіндік бар екен. Одан бөлек, Әділет министрлігі жалпы тәртіппен қаралған істердегі әкімшілік айыппұл мөлшерін 30% дейін төмендетуді қарастырып жатыр. Қоса кетейік, әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін азайту туралы былтыр Парламенттің депутаттары да айтқан болатын. Мәжілісмендер тіпті заңға осынау өзгерісті бірінші оқылымда-ақ мақұлдап жіберген еді. Бірақ, ол қабылданбай қалды. Қазір Әділет министрлігі «ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жаңа жобасын жасап жатыр. Ол 2016 жылдың екінші жартысында Парламенттің қарауына ұсынылатын болады.
- айыппұл
- Әділет министрлігі
- құқықбұзушылық