«Лауазым иесін жазалайтын заң жеңіл»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

«Лауазым иесін жазалайтын заң жеңіл»

«Лауазым иесін жазалайтын заң жеңіл»
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Еліміздің Әділет министрлігі лауазымды тұлғаларды жазалауға келгенде «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодекстің кей баптары осал екенін мойындады. Бұл туралы аталған құжатқа енгізілуі көзделген өзгерістер мен толықтырулар жобасы талқыланған жиында ҚР Үкіметі жанындағы заң шығару Институтының бас ғылыми қызметкері Аслан Түкиев айтты. 

«Онда кейбір лауазым иелері айтылмай қалған. Ал, заңның кей нормасы лауазым иесіне емес, тек жеке тұлғаға ғана қатысты қолдануға келеді. Ол дегеніңіз – екі түрлі жаза мен айыппұл мөлшері», – деген Түкиев жаза ретінде қолданылатын санкцияларды редакциялау кезінде мемлекеттік органдарды осы мәселеге назар аударуын сұрағанын, алайда, кей мемлекеттік органдар мен баптардың көңілден шықпай отырғанын айтады. Заң алдындағы лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігі қарапайым азаматтарға қарағанда ауырлау екенін айта өткен жөн. Дей тұрғанмен де жаза басқан лауазым иесіне жаза қолдану құзырлы органдардың заңдық құзыретінен жеке мәселесіне айналып бара жатыр. Әрі, тағайындалған жаза жасалған қылмысқа сай келе бермейді. 

Қазір Әділет министрлігі ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодекске «өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасының жаңа нұсқасын жасап жатыр. Жұмысшы топта саланың 40 шақты сарапшысы бар. Қазіргі кезде 400-дей түзету енгізілген. Оның 60-на қатысты мамандардың ойы бір жерден шықса, қалғанының төңірегінде әлі тартыс жүріп жатыр. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter