«Сирек кітаптарды оқуға көбінің өресі жетпейді»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

«Сирек кітаптарды оқуға көбінің өресі жетпейді»

«Сирек кітаптарды оқуға көбінің өресі жетпейді»
  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Тарихтың көмескіленбеуіне қызмет ететін құнды дүниелердің ең бас-тысы – кітап. Кітап демекші, Түркістанда ерекше бір кітапхана бар. «Түркі тілдес халықтар кітапханасы» деп аталады. Бүгінде 40000-ға жуық қоры бар кітапханада бұрынғыдан сұраныс азайғанымен, әліге дейін оған шекара асып, арнайы келетін оқырмандары баршылық. Біз осы жолы кітапхананың сирек кездесетін кітаптарымен танысу үшін әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы Құлбек Ергөбекпен әңгімелесіп қайтқан едік. 

«Қазір мұнда Мұхаммед Салихтың 1908 жылы Санкт-Петербургтен шыққан «Шайбани-намасы» мен тұңғыш рет Қазанда Әлихан Бөкейханов бастырған «Қобыланды батыр» бар. XIX ғасырда шыққан энциклопедиялар мен сөздіктер, 1926 жылы басылған башқұрт мақал-мәтелдері деген сынды бірқатар еңбектер де тұр. Жалпы менде қазір сирек кездесетін, оның ішінде көнекөз, өзіндік тарихы бар, таптырмайтын 200-дей кітап бар болуы керек»,-дейді олардың әрқилы жолмен қолына түскенін айтқан ел ағасы. 

Ең алдымен, қолымызға ұстағанымыз Сәбит Мұқановтың «Жұмбақ жалауы» болды. Новосібір қаласында 1938 жылы жарық көрген кітап Құлбек ағаның қолына жәйдан-жәй тимеген. «Ол кезде баспа ісі жұмысы Мәскеуден бастап жүріп жатқан кез болатын. Бірақ әлі орнықпаған. Қазақ даласында ол кезде баспа бола қойған жоқ»,-деді ол кітаптың ол кезде неге елден шыға қоймағанын түсіндіріп. Аталмыш кітапты 1982 жылы жазушы Сәбит Мұқановты жіті зерттеп, ол туралы кітап жазып жүргенінде ұстазы Бейсенбай Кенжебаевтың байғазы ретінде берген екен. Латын әліпбиімен жазылған еңбектің бүгінде жарық көргеніне 78 жылдан асса, өзінің қолына түскеніне қырық жылға жуықтаған. 

Келесі әңгімемізге арқау болған туынды П.Н.Полевойдың «История русской словестности» кітабы. Бұл туындының тарихы туралы Құлбек аға: «Бұл Мұзағаңның маған бергені. Мұзаффар Әлімбаевқа Ғабит Мүсірепов беріпті. Шетелдерден келген түрколог ғалымдар үшін бұл таптырмас дүние. Солар осы кітаптарды жақсы көреді. Біздің жергілікті жердің оқырмандары мен қазақ оқырмандарының бұған өресі жете бермейді. Жалғыз қазақ емес, көбісінің...» – дейді. 1900 жылы жазылған кітаптың «өмір сүрегеніне» де бір ғасырдан асқан. Ол «С-Петербург» баспасында басылған. Әдебиет жанашырының оны сақтағанына тұп-тура 25 жыл болыпты. 

«Мұзаффар Әлімбаев Ғабит Мүсіреповпен тонның ішкі бауындай жақын еді. Ғабит Мүсіреповтің көзін мен де көрдім, ол кісі өзі жомарт болды ғой. Мына кітапты Мұзағаңа өзі сыйлаған екен. Ғабеңнің әдеті еді, егер риза болса, жақсы көрсе, жақсы шығармасын оқыса сол адамға қайырымды болатын. Былай өзі қаттылау еді. Шамасы, Мұзағаңның бір шығармасын сүйіп оқып, соған тәнті болғанында осы кітапты берді-ау деп топшылаймын. Содан бұл кітап 45 жыл Мұзаффар Әлімбаевта сақталған. Сосын беріде мен кандидаттық қорғаған күні айрықша қуанып, оны маған сыйлады. Қарап отырсам қазір оның менде жүргеніне де 25 жылдай уақыт болып қалыпты».

Сондай-ақ, Мұзаффар Әлімбаев сыйлаған тағы бір кітап – Иоган Шердің «Всеобщая литература» атты екі томдығы. 1989 жылы Мәскеудің «Д.В.Байкова» баспасынан шыққан туындыны қос кітабы жарық көргенде сыйға алған. Ол туралы: «Мұзағаң жайлы кезінде «Лениншіл жас» газетінде істеп жүргенімде екі томдығы туралы мақала жазғаным бар еді. Бірақ қадір-қасиетіне толық жете алдым деп айта алмаймын. Бірақ енді өмірде ағалы-інілі болып жақсы араласып тұрдық. Әлі де барсам сәлем беріп шығамын»,-деп, өзіне кітап ұсынған адамның қадір-қасиетін сөзбен айтып жеткізе алмайтынын ұғынғандай болдық. 

Ал кезінде Бейсенбай Кенжебаев шығарған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың екі томдығынан қалған кітаптың бір нұсқасы да бүгінде осы кітапханада тұр. «Ол 1961 жылдардағы жайт. Кенжебаев Сұлтанмахмұтты ұдайы зерттеген адам. Сондай-ақ, ол оның кітабын шығарған сайын ұдайы бір жаңалық қосып отыратын болған. Бұл жолы ол Ленинге жолыққан, уағында Сұлтанмахмұтпен бірге оқыған, бір ауылдың адамы Әлімхан Ермековтың естелігін өз аузынан жазып алып қосқан екен. Ол кезде Әлекеңнің еңбегін жарық көргізбейтін заман болған ғой. Біріншіден соны кітапқа қосып қойдың деп, екіншіден Сұлтанмахмұт Алаштың ұранын жазған адам. Сол ұранды атын өзгертіп кітапқа қосқаны үшін Қазақстан Компартиясының II секретарі М.С.Соломенцев қарсы болыпты. Ол өзі Дінмұхаммед Қонаевқа мойынсұна бермейтін адам болған, сол Соломенцевке бір қазақ арыз жазған ғой. Сонымен не керек, Бейсекеңнің өре түрегелгеніне қарамай, Сұлтанмахмұттың 2 томдығын турап жіберген. Соның бір нұсқасы Бейсенбай Кенжебаевта болса, бір нұсқасы Мұхтар Мағауинде ғана қалды», – деп, Құлбек аға әңгімесін кеңінен өрбітті.

Бұл кітаптардың артықшылығын, әрине, оқыған адам біледі. Кітап сөресіндегі томдардың сирек аталуының, оның бағалы болуының сырын сұрағанымызда: «Бұл кітаптардың басылғанына алды 150 жыл болған. Мысалы Н.А.Северцевтің Түркістан хайуанаттары туралы кітабы. Кезінде ол алып атырапта қандай аң-құстар болғаны жөнінде жазған. Қазір мен соны салыстырып зерттеп жатырмын. Мысалы 1873 жылы Түркістан жерінде, яғни қазіргі Орта Азияда сол аң-құстар сақталды ма, жоқ па кім біледі?! Сосын олардың ерекшелігіне келер болсақ, біріншіден, қайтып басылым көрмегені. Ал екіншіден, қайтып басылым көргенде де дәл осылай жарық көрмейтіні. Ал енді мұны іздейтін, оқитын адамдарға келсек, оның дені ізденісте жүрген ғалымдар. Бұл кітаптарды кез-келген оқырман оқи алмайды, былайша айтқанда тісі батпайды. Тісі бататындары да бар. Солардың бірі Саха елінен келген Николай Иванович деген профессор. Ол осында 3 ай бойы отырып, өзіне керегін жазып, оқып-тоқып кетті. Мұны міне осындай мамандар оқиды. Жасыратыны жоқ, оқырмандары да сирек. Мұны оқу, тіпті іздеу үшін деңгей керек. Меніңше, мұны білімпаздар ғана іздейді. Сосын кітаптану тарихында ерекше орны бар бұл дүниелерді орыстардың өзі таппайды. Орыстарда мұның әрқайсысы құнды. Бірақ мен мұны бағасы үшін жинап жүрген жоқпын. Мен өзі кітапқұмар адаммын»,-деген жауап алдық. 

Сөз соңында сыймен бірге аманат арқалаған ағамыздың бұл жәдігерлерді кейінгі ұрпаққа аманаттайтын ойы бар-жоғын сұрасақ: «Бейсенбей Кенжебаев өзінің кітапханасын маған аманаттап кеткен. Содан қазір 2 бірдей кітап жоғалып тұр. Біреуі Мұхтар Әуезовтың Бейсекеңе арнап жазып берген «Абай жолының» II томдығы, ал екіншісі, Әбілдә Тәжібаевтың Мәулен Балақаевқа жазып берген кітабы. Оны сонша мұқтаж болған біреу қойнына тығып әкетті дейін десем, қазір бұл кітаптардың толық нұсқасы қайта жарық көрді. Осындайды көрген кезде бұл кітапхананы жаба салғым да келеді. Өйткені кітап құритын болса оның не керегі бар»,-деп ашынды. Осы сөзіне қарағанда жастарға өкпесі қара қазандай әдебиетшінің әзірге бұл құнды дүниелерді ешкімге табыстайтын ойы жоқ сияқты. 

Соңғы жылдары Түркістандағы халықаралық конгреске әр елден келген түрколог ғалымдар: «Мұндай кітапхана да, музей де түркі тілдес халықтардың ішінде Қазақ елінен басқа бірде-бір елде жоқ» деп баға беріп жүр. Бірақ оның қадірін кім, қаншалықты біліп жүр? Ал оқырман азайған сайын кітапхананың құны құлдырайтыны бесенеден белгілі. Олай болса, сирек кітаптардың оқырманы сирек болса да, кітап оқитындардың қатары сиремесін дегіміз келеді. Сөз арасында: «Кітаптардың тарихы туралы кітап жазып жатырмын»,-деп қалған ағамыздың тың туындысын асыға күтеміз.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

tiobeestesy1972
0 tiobeestesy1972 18.03.2016 12:04
2-ой Кто автар читаемого материала? Рад был показать свой проект http://poll-up.ru
Жауап беру
kafirrewea1973
0 kafirrewea1973 25.03.2016 12:43
Рейтинг слабый!!! Ресурс http://go-ip.ru/nakrutka-poseshhaemosti-sajta.html
Жауап беру
loytuterpwec1977
0 loytuterpwec1977 25.03.2016 13:46
Не вижу в этом смысла. Информацию взял к себе на проект http://go-ip.ru/usilenie-ssylok-i-seo-jeffekt.html
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter