Студенттер оқудан қуылып жатыр

Иә-иә, дәл солай. Жақында ғана Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы колледж оқытушысының студенттерден ашықтан-ашық пара сұрап отырған видеосы ғаламторды шарлап, елді дүрліктірген еді. Оған қатысты тиісті мекемедегілер шешім қабылдап, мұғалімнен бастап директорға дейін жұмыстан кетті.
Қызықтың көкесі енді басталады-ау, өйткені аталған орта арнаулы оқу орнындағы 50 шақты студент оқудан шығарылғанға ұқсайды. Сылтау ма, білмейміз, әйтеуір оқушылар сабаққа мүлдем келмейді екен. Айтпақшы, колледждің былығы тек бір оқытушының пара алуымен шектелмейтін секілді. Ұзынқұлақ аталған оқу орнына бөлінетін гранттың көптігі арқылы ұстаздар пайда тауып отыр дейді. Олар жыл басында оқуға түскендермен «меморандумға» отырып алады екен. Яғни, мемлекеттен берілетін шәкіртақысының белгілі бір үлесін оқытушының қалтасына салады. Ал студент сабаққа келмей, алаңсыз жүре беруіне болады.
- студент
- Түлкібас ауданы
- қуылып жатыр