22 мыңнан астам жамбылдық тұрғын жұмыспен қамтылмақ
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

22 мыңнан астам жамбылдық тұрғын жұмыспен қамтылмақ

22 мыңнан астам жамбылдық тұрғын жұмыспен қамтылмақ
  • Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Жамбыл облысында 22 мыңнан астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков мәлім етті. 

Басшының айтуынша, 2014 жылдан бері аймақта «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы енгізіліп, нәтижесінде шартты ақшалай көмек тағайындалып келеді. Өткен жылы бағдарлама аясында 1788 отбасындағы 9694 адамға 420,3 млн теңге көлемінде қаржылай көмек берілген. Ол отбасылардың жұмыс жасындағы 2235 азаматы әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тартылды. 403-і ақылы қоғамдық жұмыстарға, 118-і жастар практикасы бойынша, 169 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған. Нәтижесінде былтыр табысы кедейлік шегінен төмен жамбылдық тұрғындар саны 0,4 пайызға кеміген. Жоспар бойынша өңірде 2018 жылдан бастап заңды түрде көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілетін төлемдер жаңа форматта төлене бастайды. 

«2015 жылдың қорытындысы бойынша екі қолға бір күрек іздеген 26256 адам жұмыспен қамтылған. Оның 17 642-сі тұрақты жұмысқа орналасса, мерзімдік жұмыс орындарына 1146, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 3574, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1096, жастар практикасына - 1394 адам жіберілген, кәсіптік оқытуға 702 адам жолданса, 402 адам микрокредит алды»,- дейді Жорабек Нұрмергенұлы.

Биыл жыл соңына дейін 22 мыңнан астам жамбылдық тұрғынды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Оған қазынадан 11,7 млрд теңге қарастырылып та қойған. Оның 4 млрд теңгесі бір ғана «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына жұмсалады. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter