Жазықсыз жапа шеккендерді еске алды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Жазықсыз жапа шеккендерді еске алды

Жазықсыз жапа шеккендерді еске алды
  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Қазаққа төнген нәубет әсіресе өткен ғасырда қолдан жасалған ашаршылық пен кәмпескелеу, 1937-ші жылғы Алаш арыстарының айдалуы мен атылуы, сондай-ақ, желтоқсандағы жастардың көтерілісі өздігінен ешкіммен өштеспейтін елдің басына қара бұлт үйірген еді. Ал бүгінде сол алыспай беріспеген сан қилы сұрапыл күндер «саяси қуғын-сүргін» деп бір-ақ ауыз сөзбен аталады.

Кеңестік билік қара халықты аштықпен азаптап, ұлттық автономия құру идеясын қолдағандарға «халық жауы» деген жала да жапты. Беріде содыр саясаттың сойылын соққан Голощекин билікке қолы жеткенде өзіне қарсы шыққандарды өзегінен теуіп, қызметтен қуды. Олардың талайын түрмеге тоғытып, еріксіз жер аудартты. Осылай саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталады. Ал қасіретке толы 1936-1938 жылдары 107 мың адамның нақақтан-нақақ тағдырын талқандаған қуғын-сүргінде 25 мың адам ату жазасына кесілген. Сол жазықсыз атылғандардың 10 пайызын оңтүстік өңірі құрайды. Тізімдегі атылғандардың дені зиялы қауым өкілдері еді.

Жуырда тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің мұрындық болуымен «Жазықсыз жапа шеккендер» атты іс-шара өтті. Елінің ертеңіне жалаугер болу үшін бастарын бәйгеге тіккен саяси қуғын-сүргін құрбандары – Төлеген Бектұрсыновтың 130, Садық Ахметовтың туғанына 110 жылдығына орай еске алу кеші өтті. Кеш шымылдығын облыстық саяси қуғын-сүргін музейінің басшысы, «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын, жазушы Ханбибі Есенқарақызы ашты. Өз сөзінде ол, облыс көлемінде мәдениет ошақтары көп болғанымен, музейге келетіндердің тойлауға емес, ойлауға келетінін тілге тиек етті. «Тарихтың ақтаңдақ беттерін қопарсақ Оңтүстікте атылғандардың саны 2500-ден де көп екенін білесің. Оны ауызбен айтып, ішіміз сезгенмен, дәлел керек. Сондықтан, қазір оларды іздестіру үстіндеміз. Биыл тізімдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының ішіндегі 17 азаматымыздың мерейлі жасын атап өтіп, еске алу шараларын өткізуді жоспарлап отырмыз»,-дейді ол. 

Шара барысында мұражайдың ғылыми қызметкері Үсен Арыстанов қос азаматтың өмірі мен еңбегі туралы баяндама оқыды. Сондай-ақ Шымкент аймақтық мұрағатының меңгерушісі Гүлнар Шардарбекова, М.Әуезов атындағы ОҚМУ шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі кафедра меңгерушісі Сейдахан Әлібек пен аталмыш оқу орнының тарих кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сейдолла Айкозов өздерінің білетін деректерімен бөлісті. Аталмыш жиынға сол кезде шешесінің ішінде қалған бала, бүгінгі ақсақал Бектұрсынов Нұрсәлибиддин мен келіні Бектұрсынова Күлзия келді. Сондай-ақ ол кісінің жиендері мен немерелері Амантай Төлегенов, Ілесбек Тоқаев, Қайрат Бектұрсынов, Жомарт Бектұрсынов сынды азаматтар да қатысты.

Ал М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 1 курс студенттері өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынды. Олар Төлеген Бектұрсыновтың өмірінен өрілген «Азаптау вагоны» атты көрініс қойып, Ескермес Нұрбек «Немене» термесін орындаса, «Сорлы қазақ», «Әке туралы толғау» сынды бірнеше өлеңдерді оқыды. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter