Показать содержимое по тегу: Тоқал
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 7 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

С.Майғазиев: "Бір күндік жас қыздар көп біздің қоғамымызда"

Белгілі әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиевті отбасылы еркектердің етегінен ұстап, көлікті болып жүрген қыздардың, яғни, тоқалдардың жағдайы алаңдатып отыр. Бұл туралы өнер жұлдызы отандық арналардағы бағдарламалардың біріне берген сұхбатын жайып салды.

Подробнее ...

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алды. Бұл әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, «үш-төрт баласы бар әпкемінң төсегіне тиіскені ұят болыпты. Жалпы жаңа түскен қазақтың келіндері төсек жайлы әңгіме айтпау керек қой көпшілік алдында!» деп пікірін қалдырған. Тағы бір қолданушы «Жығылып жатып, сүрінгенге күлетін заман болды ғой. Өзі қанағаттанып жүрсе болды емес пе? Жұртта несі бар?» деген ойымен бөлікен. 

Подробнее ...

13 жылға сотталған Жамалиевтің тоқалы көйлек сатып, көпшіліктің назарына қалай түсудің әдісімен бөлісті

Танымал кәсіпкерлердің қатарынан көрініп жүріп, кейін істі болып, 13 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Жамалиевтің тоқалы Айнұр Исина көйлек сатуға мәжбүр болды. Бұл әрекеті арқылы  қатерлі дертке шалдыққан кішкентай ғана Амелия есімді бүлдіршінге көмек беруді көздеген. Ол өзінің инстаграмдағы парақшасында Jovani атты атақты брендтің жұлдызды көйлегін сатылымға шығарды. Сатылым аукцион әдісі бойынша жүргізілген.

Подробнее ...

Экс-тоқалдар байларды қармаққа түсірудің жаңа әдісін ойлап тапқан

Астанада экс-тоқалдар байларды қармаққа түсірудің жаңа әдісін ойлап тауыпты. Тіпті олар қайтадан тоқал болуға әзір. Ондайлар арнайы клубтарда жиі қарасын көрсетеді. Бұл туралы клубқа бас сұққан куәгерлердің бірі жазған деп  "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы жазды. 

"Соңғы бес жылда ірі кәсіпкерлер мен шенеуніктерге тоқал болғысы келетіндердің саны артқан... Тоқал болуға дәмелілер жұма және сенбі сайын кешкі уақытта клубтарда жиналады. Астанада олар жиі кездесетін «Хиты XX века», «Зурбаган» секілді клубатр бар. Нәзік жандыларды ер кісінің қолындағы неке жүзігі де тоқтата қоймайды. Мұны біліп алған ер азаматтар іссапармен Астанаға келген сайын сол жаққа ағылады", - дейді мақала авторы Әлихан Жеңісов. Оның айтуынша "ерлерге аңшылыққа шыққан келіншектердің", тіпті өзіне қарату айласы да бар екен.

"Олар көзі түскен ер кісіге даяшы арқылы шарап жібереді. Немесе темекі шегетін бөлмеде қасына жақындап келеді. Досыммен жұмыс істеуге Астанаға келгенде қыздармен танысу үшін «Дискотека 80-х»клубына бас сұқтық. Кіргеніміз сол еді, даяшы бізге шампан әкеліп, оны келіншектер жібергенін айтты. Біз де тегін дүниені нәзік жандылардан алу ұят болғандықтан, оларға шарап пен шоколадқа тапсырыс бердік. Кейін әңгімеге тартып, өмірі туралы біліп алдық", - дейді Жеңісов.

Автор екінші әйел атанғандардың әңгімесін баяндады.

"Олеся Қазақстанға Украинадан келіп, бай шенеунікке тоқал болған. Сүйіктісі оған қымбат әшекейлерді үйіп-төккенімен, кейін қызығы басылып, тастап кеткен. Ал Сабина өзінің студент кезінде модель болғанын, түрлі сән көрсетілімдерінде оны бір бай мұнайшы байқап қалғанын еске алды. Екі жыл бойы Сабина оның тоқалы болған. Тіпті ер кісінің заңды әйелімен бірге бір үйде тұрған екен. Ал бәйбіше Сабинаға сабырмен қарап, күйеуінің одан жалыққанын күтіп жүре берген. Ақыры, расымен солай болып, мұнайшы Сабинаның қолына 1000 доллар ұстатып, үйінен кетуін талап еткен", - дейді автор.

Жеңісов "тоқалдың" кебін киіп, кейін ұмыт қалған аруларға жаны ашымайтынын жасырмады.

"Менің жалғыз, ұмыт қалған тоқалдарға жаным ашымайды. Олар ана болуды, отбасын армандаған емес, тек жылтыраған алтынға қызығады. Оларды сөкпеймін де. Тек тоқал болғаннан өмірі бақытты болмайтынын ескерткім келеді", - деп ойын түйді автор.

Әлихан Жеңісовтің материалынан аударылды.

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS

Басқа бас мақалалар

Жер дауына қатысты пікір білдірген мәжілісмендер бір-біріне қарсы шықты

Қазақстандықтарға Жер кодексінің дұрыс түсіндірілмеуіне депутаттар кінәлі деп есептейді Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбильянов. Оның пікірінше, халық жер туралы заңды дұрыс түсінбегендіктен елде жер сау...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-ның экс-әкімі бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Асқар Исабекұлы 1962 жылы дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономикалық мама...

Korrespondent.kz Саясат

Назарбаевтың баспасөз хатшысы министр болды

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі болып ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болып жүрген Дәурен Абаев тағайындалды. Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. Еңбек жолын 2001 жылы ҚР Сыртқы іс...

Korrespondent.kz Саясат

Сұлулығын өлім жеңе алмаған арудың кесенесі

Өмірдің қысқа, өнердің ұзақтығының дәлеліндей керенау тартып, қабырғасын уақыт кемірсе де ғасырдан ғасырға адымдап аман келе жатқан тарихи орындар туралы талай айтылып келеді. Айтудай-ақ айтылғанымен...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter