ОҚО көлік жүргізушілерінің назарына!
Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың, білім, денсаулық сақтау, үкіметтік емес ұйымдар мүшелерімен бірлесіп онкүндік рейдтік шара өткізіледі. Тексеру жұмыстары 1-10 маусым аралығында жүзеге асырылады.
«Жол қозғалысы қауіпсіздігінің онкүндігі» шарасы көлік қозғалысы кезінде жол жүру ережесін сақтап, қауіпсіздікті күшейтуді көздейді.
Тексеру жұмыстары кезінде көлік басқарушыларының қауіпсіздік белдігін тағуы, 12 жасқа дейінгі балалардың автокресломен қамтамасыз етілуі, мотоцикл басқарушыларының мотодулығасын киюі сынды жайттар қатаң қадағаланатын болады. Ерекше ескере кететін жайт, рейдтік тексеру шаралары тек облыс орталығы Шымкентте ғана емес, ауылдық жерлерде де ұйымдастырылады.
- ЮКО
- ОҚО
- рейд
- ГАИ
- МПС
- жергілікті полиция қызметі
- ДВД ЮКО
- ОҚО ІІД
- полицейлер
- көлік жүргізушілері
- корерспондент
- қызық ақпарат