Қырғыздардың намысына тиген Мұхамедиұлын әріптестері де жақтырмай қалыпты
Шетелдерде дәретхана тазалап жүрген қырғыз қыздарын мүсіркеймін деп басы дауға қалған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынан енді әріптестері де теріс айнала бастағандай.
"Ұлтымыздың намысына тиді" деген көрші елдің нота жазғанын ескеріп, 31 арна бүгін сыртқы істер министрінің пікірін білмек болып еді. Алайда, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов "Мұхамедиұлынан сұраңыз өзіңіз. Ол хат жазды. Қырғыздарға жіберді хатты" деп "бүлдірген екен, өзі жауап берсін" деген сыңай танытып кете барды.
- Арыстанбек Мухамедиулы
- Арыстанбек Мұхамедиұлы
- қырғыз қыздары Ресейде
- қырғыз арулары дәретхана жуады
- Корреспондент
- қызық ақпарат