Бүгін ОҚО-да 4529 түлек сынақ тапсырды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы сынақ тапсыру басталды. Жалпы облыста 16 сынақ бекеттері болса, оның тоғызында, яғни 4529 түлек бүгін Ұлттық бірыңғай тест тапсыруда. 2–8 маусым аралығында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге 19798-і оқушы сынақ тапсырады деп жоспарлануда.
ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік 79 комиссия бекітіліп, өз жұмыстарына кірісіп кетті.
Облыстағы жалпы 1022 мектептің 822 орта мектебінен 31288 түлек мектеп бітірді.
Айта кетейік, осы жылы алғаш рет ҰБТ–дің барлық қатысушыларының жоғары білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында, шекті 50 балл жинай алмаған бітірушілер үшін 2016 жылдың тамыз айында кешенді тестілеуді қайта тапсыру мүмкіндігі қарастырылып отыр.
Ақылы негіздегі (2242 теңге) жүзеге асырылатын кешенді тестілеуді сәтті тапсырған талапкерлер жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне қабылдана алады.
- ЕНТ
- ҰБТ
- ұлттық бірыңғай тестілеу
- сынақ
- корерспондент
- қызық ақпарат