Шымкентте шенеуніктер мен депутаттар қымбат костюмдерін шешіп тастады
Иә-иә, дәл бүгін Шымкенттегі сот қызметкерлері мен шенеуніктер, сонымен қатар депутаттар қымбат костюмдерін шешіп, спорттық киім киді. Өйткені олар салауатты өмір салтын насихаттауды көздеді.
Оңтүстік Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Билерге тағзым» велошеруі өтті. Облыс әкімдігі мен облыстық сот, түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының қатысуымен ұйымдастырылған шараға 100-ден астам азамат қатысты.
Таңғы сағат 7:00-де Шымкенттегі «Бәйдібек би» ескерткішінен бастау алған велошеру Ордабасы ауданындағы «Бірлік» монументіне дейін жалғасты. Велошеруге қатысушылар 43 шақырымды жүріп өтті.
«Мәңгілік ел» идеясы аясындағы бұл вероушеру соңы облыс өнерпаздарының мерекелік бағдарламасына ұласты.
- шымкент
- ОҚО
- ЮКО
- шымкенттік шенеуніктер
- мемелкеттік қызметкерлер
- велошеру
- Корреспондент
- қызық ақпарат