МС Сайлаубекті атып кетті деген ақпарат жалған боп шықты
Алматының Ішкі істер департаменті МС Сайлаубекке оқ атылғаны туралы ақпаратты тексеруде. Бұл туралы NUR.KZ порталы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Бірқатар БАҚ-та МС Сайлаубектің оқыс жағдайға ұшырағаны туралы ақпарат пайда болғаннан кейін, Ішкі істер департаменті бұл ақпаратты тексеріп шықты. Нәтижесінде Алматының полиция бөлімшелеріне және қаланың емханасына аталмыш тұлған көмекке жүгінбегенін анықтады», - дейді полицейлер.
Олар осыған орай жалған ақпарат таратқандарды тексеріске алып, шара қолданатыны туралы мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін продюсер Аслан Бақытжанов Алматыда белгісіз біреу МС Сайлаубекке резеңке оқтармен атқанын мәлімдеген болатын. Ол рэпердің бүйір жағынан жарақат алып, емханаға түскенін де хабарлаған.
- МС Сайлаубек
- драка
- стрельба
- шоубизнес
- оқ ату
- тапаншадан оқ ату
- МС Сайлаубекті атып кетті
- корерспондент
- қызық ақпарат