ОҚО-дағы тарихи ауданда бұрын-соңды болмаған шағынаудан салынып жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданында бұрын-соңды болмаған шағынаудан пайдалануға берілетін болды. Қоғам ауылдық округінің «Мыңшұқыр» елдімекенінде «Әл-Фараби» шағынауданы бой көтерілуде. Бүгінде онда инженерлік-коммуникациялық жүйелері мен тұрғын үй кешендерінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
36 көпқабатты тұрғын үй салынуы жоспарланған шағынауданда биылғы жылы 10 тұрғын үйдің іргесі қаланып, жыл соңына қарай 180 отбасы Елбасы ықпалымен бастау алған «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында тұрғын үйге қол жеткізетін болады.
Инженерлік-коммуникациялық жүйелерімен қамтамасыздандырылатын шағынаудандағы тұрғын үйлер мүмкіндігі шектеулі жандар, тұрғын үй көмегіне мұқтаж жандар мен жас отбасыларға берілмек.
Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов аталған құрылыс алаңдарына барып, құрылыс жұмыстарының жайымен танысты. Мұнансоң аталған жұмысқа жауапты қызметкерлеріне тұрғын үй құрылыстарының сапасын қатаң бақылап, келісім-шартта белгіленген мерзім ішінде пайдалануға беру қажеттілігін ескертті.
- ОҚО
- ЮКО
- Отырар ауданы
- тұрғын үй кешені
- шағынаудан
- ЕРЛАН АЙТАХАНОВ
- Корресопондент
- қызық ақпарат