Мұхтар Шаханов қытайлық құдалардан қауіптенді
Елордада Жер туралы комиссияның үшінші отырысы қызу талқыға салынды. Отырысқа қатысқандар елдің талаптары мен ұсыныстарын назарға алып, өзара сөз бәйгесін орнатты. Соның ішінде Мұхтар Шаханов қазақ жері жергілікті азаматтарға жалға беріледі дегенге алаңдаушылығын танытты. Бұл туралы отандық БАҚ жарыса жазды.
«Жерді Қазақстан азаматтарына жалға беруге болады деп жатырмыз. Тек, бір жайтты ескеруіміз керек. Бүгінгі таңда елімізде 24 мың қазақ қызы қытай жігіттеріне тұрмысқа шығыпты. Қыздарымыздың бұл үрдісі үлкен деңгейде жалғасып жатыр. Болашақта Қазақстан азаматшасына үйленген қытай күйеу балалар сан миллиондаған жерді жалға алып, қытай құдаларды қаптатса қайтеміз? Сондықтан аралас некедегі адамдардан келетін қауіпті Жер туралы заңға енгізуіміз керек», - деді Мұхтар Шаханов. Айта кетейік, дәл осы отырыста сенатор Қуаныш Айтаханов Қазақстан жерін шекаралас елдерге беру қауіпті екенін де айтқан болатын.
- Мухтар Шаханов
- Мұхтар Шаханов
- жер дауы
- жер туралы комиссия
- корерспондент
- қызық ақпарат