Үш әйелі бар кәсіпкер азамат әйел алу ойыншық еместігін айтты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Үш әйелі бар кәсіпкер азамат әйел алу ойыншық еместігін айтты

Фото: gdb.rferl.org

Ақтөбе облысында тұратын кәсіпкер Орынбай Жолмұратовтың үш әйелі бар. Нағыз қазақ. Үшеуі де бір ауылдың қызы екен. 18 жасында бірінші рет үйленген ол 32 жасында тағы бір келіншек алыпты, деп жазды aktobenews.kz.  

 

«Екінші келіншегімді бәйбішемнің өзі барып алып берді. Ал үшіншісі рет үйленгенімде 50 жаста болдым. Жас әйелім ол кезде 22-де болды», — дейді ошақтың иесі. Оның айтуынша, бірнеше әйел алуды шешетін бәйбіше. «Үлкен әйелім сыр бермейді. Негізі бәрін шешетін бірінші әйел. Одан ешкім аса алмайды. Екі әйеліммен бір шаңырақтың астында 23 жыл бірге тұрдым. Балалар да бірге өсті. Қазір кіші әйеліммен тұрамын. Үлкен екеуі қалада тұрады. Үйде қызғаныш, ұрыс-керіс деген болмайды. Балалардың тойларын бірге атқарамыз. Әйел алу ойыншық емес. Оны Алланың өзі реттейді», — дейді көп әйел алуды қолдайтын азамат.
Әйтеке би ауданында тұратын азамат  шаруашылық қамымен Ақтөбеге жиі келеді екен. Ол кезде  бәйбішесінің үйіне тоқтайды. Ал кенже әйел ауылда шаруашылықтың басында.

«Қазақ көбеюі керек. Көп әйел алу — атадан қалған нәрсе. Бірақ көп әйел алуды да, көбеюді де шешетін алдымен Алла, екінші бәйбіше», — дейді ол.

Айтпақшы, кәсіпкер азамат  «Шыңғыс» шаруа қожалығының басшысы. Жылқы шаруашылығымен 12-13 жылдан бері айналысады. 10 жұмысшысы бар. Барлығына көмектесіп тұрады. Жыл сайын әр жылқышысына бір-бір биеден ұстатады. Құда жолы, той-томалақтарын атқарысады.
4 жыл бойы эксперимент жасаған ол бүгінде қымызды 7-8 ай бойы ашытпай, қаңсытпай сақтай алатын болыптыі. «Жақында Ақтөбеде өткен ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне қатыстым. Былтыр маусым айында сақтауға тастаған қымызды шығардым. Тұп-тұщы. Сол күйінде тұр. Халық талап алып кетті», — деді кәсіпкер.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Екі әйелі бар композитор: "Екінші рет үйленемін деген еркекке әйелінің рұқсаты керек емес"

Танымал композитор Жарылқасын Дәулет екі әйелімен тату–тәтті тұрып жатыр. Тіпті бәйбіше мен тоқалы бір–біріне жәрдемдесіп те келеді. Бұл туралы өнер иесі шымкенттік Замана басылымына берген сұхбатында...

Korrespondent.kz Қоғам

Үш әйелі бар кәсіпкер азамат әйел алу ойыншық еместігін айтты

Ақтөбе облысында тұратын кәсіпкер Орынбай Жолмұратовтың үш әйелі бар. Нағыз қазақ. Үшеуі де бір ауылдың қызы екен. 18 жасында бірінші рет үйленген ол 32 жасында тағы бір келіншек алыпты, деп жазды akt...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО әкімдік ғимаратындағы дәретханаға кірушілер күлкіге қарық болып жатыр (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіндегілер әжетханадағы тазалықты сақтаудың жаңа үлгісін ойлап тапты. Тазалықты сақтауды өтінген олар бұл тілектерін өлең жолдарымен жеткізуді ұйғарған. «Көрдіңіз бе? Е...

Korrespondent.kz Қоғам

Балаларын репетитор жалдап оқытып жүрген депутат Тілеухан мектеп оқулықтарын Қожанасырдың хатына теңеді

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мектеп оқулықтарын Қожанасырдың хатына теңеп, еліміздің бас педагогынан оқыту жүйесін түбегейлі өзгертуді талап етті, деп хабарлады КТК арнасы. Себебі қазіргі кітапт...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter