Ақтөбеліктер өздерін "қала тұрғынымын" деп айтуға ұялады (фото)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ақтөбеліктер өздерін "қала тұрғынымын" деп айтуға ұялады (фото)

Фото: aktobenews.kz

Ақтөбеде қалада тұрғанымен, даладағыдай күн кешіп, тіпті өздерін "қалалықпыз" деп айтуға ұялатын тұрғындар бар.  Облыс орталығындағы шаңы шығып, жолы бұзылып, күл-қоқысы шашылып жатқан көшелердің тұрғындары осылай дейді. Бұл туралы aktobenews.kz жазды.

 

Аталған сайт шаһардың «Шанхай» деп аталып кеткен бөлігіндегі О.Кошейвой көшесінің адам шошытарлық көрінісін жариялауды ұмытпаған. Тұрақты оқырманы Айгүл Балымбетова жолдаған суреттер тек бір ғана көше емес, қаланың көп бөлігіндегі жағдайды байқатады.

— Көшеміздің асфальті қопарылып, шаң басып жатыр. Тау-тау болып үйілген құм мен тасты төгіп кеткелі көп болды. Онсыз да күлімсі иіс қолқаны қабатын «Шанхайдың» осы күндері ауасы мүлдем ластанды. Балалар ойнайтын алаң екі бастан жоқ. Аулаларымыздың маңы күл-қоқысқа толып кетті. «Ақжол ЛТД» коммуналдық мекемесінің адамдары қоқыс төккенге ақша сұрап күн сайын келеді. Ал қоқыс жәшіктері жоқ. Амалсыз тұрғындар далаға лақтырып тастап кетеді. Күннің ыстығында борсып, сасып кеткен дорбаларды ешкім жинамайды, — деп көше тұрғыны шағымын жеткізуді сұрады.

Айта кету керек, биыл Ақтөбе қаласындағы жолдарға жөндеу жүргізу үшін қазынадан 2 миллиард теңге қарастырылып отыр. Жөнделетін көшелердің тізімінде О.Кошевой атындағы көше жоқ. Бірақ, оның жолындағы асфальтті қырып алып тастап, тау етіп үйіп кеткеніне көп болыпты.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Екі әйелі бар композитор: "Екінші рет үйленемін деген еркекке әйелінің рұқсаты керек емес"

Танымал композитор Жарылқасын Дәулет екі әйелімен тату–тәтті тұрып жатыр. Тіпті бәйбіше мен тоқалы бір–біріне жәрдемдесіп те келеді. Бұл туралы өнер иесі шымкенттік Замана басылымына берген сұхбатында...

Korrespondent.kz Қоғам

Үш әйелі бар кәсіпкер азамат әйел алу ойыншық еместігін айтты

Ақтөбе облысында тұратын кәсіпкер Орынбай Жолмұратовтың үш әйелі бар. Нағыз қазақ. Үшеуі де бір ауылдың қызы екен. 18 жасында бірінші рет үйленген ол 32 жасында тағы бір келіншек алыпты, деп жазды akt...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО әкімдік ғимаратындағы дәретханаға кірушілер күлкіге қарық болып жатыр (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіндегілер әжетханадағы тазалықты сақтаудың жаңа үлгісін ойлап тапты. Тазалықты сақтауды өтінген олар бұл тілектерін өлең жолдарымен жеткізуді ұйғарған. «Көрдіңіз бе? Е...

Korrespondent.kz Қоғам

Балаларын репетитор жалдап оқытып жүрген депутат Тілеухан мектеп оқулықтарын Қожанасырдың хатына теңеді

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мектеп оқулықтарын Қожанасырдың хатына теңеп, еліміздің бас педагогынан оқыту жүйесін түбегейлі өзгертуді талап етті, деп хабарлады КТК арнасы. Себебі қазіргі кітапт...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter