Сенаторлар тағы да шетелден қарыз алуды құптап жіберді (видео)
Депутаттар шетелден тағы қарыз алуға қарсы емес сияқты. 31 арна таратқан ақпарға сенсек, сенатор Қуаныш Айтаханов жерді сатып, қаржы жинағанша, шетелден ақша алып, ақсап тұрған ауыл-шаруашылығына берейік деп отыр. Бюджеттің жыртығын жамай бермей, өнеркәсіпке қарағанда 23 есе аз инвестиция алатын шаруалар қамына кірісу керек дейді депутат.
Өткен жолы мәжіліс мақұлдаған Халықаралық қайта құру және даму банкінен алынатын 1 млрд доллар қарызды бүгін сенаторлар да "алу керек деп" құптады. Депутаттардан оң дауыс жинап шыққан Сұлтанов журналистерге Қазақстанның қарызы аз, әлі берешек лимитін бұзған жоқпыз деп "сүйінші" сұрағандай болды. Яғни, жалпы ішкі өнімнің 20 процентін құрайтын Қазақстан қарызы 50 пайыздық лимитке дейін бара алады. Ал жыл сайын еліміз қарыз бен несие пайызына 900 млрд теңгеден төлеп отырады екен. Бірақ сенаторлар берешек сомасын есептегенде ұлттық компаниялар қарызын қоса санасақ, қайтарым шарықтап кетеді деп алаңдап отыр.
Медиа
- Сенат РК
- ҚР Парламентінің Сенаты
- Қуаныш Айтаханов
- Куаныш Айтаханов
- депутаттар қарыз алуға қарсы емес
- Корреспондент
- қызық ақпарат