17 жастағы жігіт ажырасқан ата-анасын сөз еткені үшін көршісін пышақтап тастады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

17 жастағы жігіт ажырасқан ата-анасын сөз еткені үшін көршісін пышақтап тастады

Фото: newstes.ru

Қостанай облысының ювеналдық соты Қашар ауылының 17 жастағы тұрғынына үкім кесті. Ол қаңтар айында көршісіне пышақ жұмсап бақилық қылған еді. Денис Кригер бұл қылмысына дейін істі болмақ түгілі полицейлердің назарына ілігіп те көрмеген, деп жазады Қостанай таңы басылымы.

 

Бозбаланың сабақта да үлгерімі жақсы болған. Тек соңғы уақыттарда ғана оқуға деген қызығушылығы жоғала бастапты. Мұның себебі ата-анасының ажырасуы болуы бек мүмкін. Әкесі де, анасы да Лисаковқа кетіп, бұл әжесінің қолында қалған. Бейқауһар кейуана немересінің бейсауат жүрісін бақылай алмаған. Бала өңшең жүгенсіз ересектердің ықпалына ерген.

"Ол марқұммен көрші болып тұрған. Жапа шегуші ішімдікке тәуелді болған. Қылмыс болар күні "рөмкілестер" бір пәтерде алкоголь тұтынуға жиналады. Денис те қонаққа барған"-деп сот қылмыстың түрткісі туралы баяндады. Бозбаланы да қолқалап, қолына шөлмек ұстатады. Қызып отырып, ол ата-анасына қоңырау шалып, жылап отырып ішіндегісін ақтарады. Сол кезде 36 жастағы пәтер иесі мұнысын жақтырмаған кейіппен Дениске доқ көрсетеді.

"Марқұм оның ата-анасына тіл тигізген. Бұл Денистің намысына тиіп, екеуі соқтыға кетеді. Мұның ақыр аяғы төбелеске ұласқан. Бала, өзінің айтуынша, асүйге жүгіріп барып, пышақ алып келіп, қарсыласын қорқытпақ болған",-дейді сот. Әуелгіде басқалар оның пышағын қолынан тартып алған. Алайда кикілжің мұнымен тоқтамаған. Бала асүйге қайтадан жүгіріп барып, тағы да пышақ алып шығып, жәбірленушінің арқа тұсынан соққы жасаған. Сәл уақыттан соң үй иесі жан тапсырады. Әуелде Денис өз кінәсін толық мойындады, бірақ сот процесінде ол қарсыласына пышақ жұмсаған сәті есінде жоқ екенін айтты. Бірақ оның мастыққа салынғандығы соттың тиісті жаза тағайындауына кедергі бола алмады. 6 жылға бас бостандығынан айырылатын болды. Мерзімді жалпы тәртіптегі тәрбиелеу мекемесінде өткеретін болады.  Соттың сөзінше, егер тәрібін дұрыс ұстаса, екі жылдан соң Денис шартты мерзімнен бұрын босату туралы өтініш беруге болады. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО-да 2 жастағы бүлдіршін дәретханаға түсіп кетіп, тұншығып өлді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында өткен демалыс күндері оқыс оқиға орын алды. Ауданға қарасты Ақтөбе ауылында  екі жасар бүлдіршін көз жұмды. Ол үйінің ауласында ойнап жүріп, әжетханаға тү...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Депутат Артур Платоновқа жұмысын пантеонға ауыстыруға кеңес берді

Сенбі күні жер туралы комиссия отырысында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан журналист, ҚР Мәжілісінің депутаты Артур Платоновқа қатысты мәлімдеме жасап, одан митингке шыққан азаматтарды жамандауын доғару...

Korrespondent.kz Қоғам

Балалар үйінде болған ОҚО әкімінің көңіл-күйі түсіп кетті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов кезекті сапарын Шымкенттегі балалар үйіне арнап, көңіл күйі болмай қайтты.  Оның себебі де жоқ емес. ...

Korrespondent.kz Қоғам

Жүрсін Ерман "миы айналып қалған" ақындарды атап берді (видео)

Айтыс өнері десе, ішкен асын жерге қойып, ақындар айтысының ұйымдастырушысы болып жүрген Жүрсін Ерман айтыстан кетіп жатқан кейбір айтыскерлердің ол әрекетін әсіре діншілдікпен байланыстырды. Тіпті Ба...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter