Шымкент әкімі балалармен бірге сабяқта көңіл көтерді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Шымкент әкімі балалармен бірге сабяқта көңіл көтерді

Шымкентте «1 маусым—Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған «Нұрлы болашақ» бүкілқазақстандық акциясының мерекелік шарасы өтті. Орталық саябақтағы «Бақытты жас ұрпақ» салтанатты шарасына қатысқан Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов барша балаларды мерейлі мерекесімен құттықтады. Бұл туралы қала әкімдігінің  баспасөз қызметі мәлімдеді. 

 

- Құрметті шырайлы Шымқаламыздың тұрғындары. Біздің кішкентай бүлдіршін балалар! Сіздерді балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бала – біздің болашағымыз, сол себепті біз балаларымыздың қалыпты өмір сүруі үшін, олардың құқықтары сенімді қорғалуы үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға міндеттіміз.

Бұл бағытта, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен елімізде барлық билік органдары назарын жас буынды тәрбиелеуге, олардың өзекті мәселелерін шешуге, әлеуметтік базаны нығайтып, дамытуға көңіл бөлуде. Жас дарындарды қолдауға, ата-ананың аялы алақаны мен жүрек жылуынан айырылған балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көмек көрсетуге назар аударып келеді, – деді қала әкімі өз сөзінде.  Айта кетерлік жайт, бүгінгі мереке қарасында Шымкент әкімі №62 «Ботақан» балабақшасының салтанатты ашылу салтанатына да қатысты. 

Заман талабына сай барлық бөлмелермен жабдықталған бұл бөбекжай 320 орындық 16 топқа негізделген. Атап айтатын болсақ, балаларға арналған ойын бөлмесі, асхана, жасөскіндердің ән шырқап, би билеуіне арналған музыка залы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт залы, әр топқа арналған ойын алаңшалары бар.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

marat
0 marat 01.06.2016 22:04
осы аким оте халыкшыл екен
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Екі әйелі бар композитор: "Екінші рет үйленемін деген еркекке әйелінің рұқсаты керек емес"

Танымал композитор Жарылқасын Дәулет екі әйелімен тату–тәтті тұрып жатыр. Тіпті бәйбіше мен тоқалы бір–біріне жәрдемдесіп те келеді. Бұл туралы өнер иесі шымкенттік Замана басылымына берген сұхбатында...

Korrespondent.kz Қоғам

Үш әйелі бар кәсіпкер азамат әйел алу ойыншық еместігін айтты

Ақтөбе облысында тұратын кәсіпкер Орынбай Жолмұратовтың үш әйелі бар. Нағыз қазақ. Үшеуі де бір ауылдың қызы екен. 18 жасында бірінші рет үйленген ол 32 жасында тағы бір келіншек алыпты, деп жазды akt...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО әкімдік ғимаратындағы дәретханаға кірушілер күлкіге қарық болып жатыр (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіндегілер әжетханадағы тазалықты сақтаудың жаңа үлгісін ойлап тапты. Тазалықты сақтауды өтінген олар бұл тілектерін өлең жолдарымен жеткізуді ұйғарған. «Көрдіңіз бе? Е...

Korrespondent.kz Қоғам

Балаларын репетитор жалдап оқытып жүрген депутат Тілеухан мектеп оқулықтарын Қожанасырдың хатына теңеді

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мектеп оқулықтарын Қожанасырдың хатына теңеп, еліміздің бас педагогынан оқыту жүйесін түбегейлі өзгертуді талап етті, деп хабарлады КТК арнасы. Себебі қазіргі кітапт...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter