Оңтүстік Қазақстанда самаурын ұрлап келген қызылордалық ұсталды
Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, Түркістан қаласында бірнеше пәтерді тонап, самаурын, газ құрылғылары мен өзге де тұрмыстық заттарды қолды етті деген күдікпен Қызылорда тұрғыны құрықталды.
21 мамыр күні Түркістан ҚІІБ-на 48 жастағы жергілікті тұрғын, белгісіз тұлға үйіне кіріп, ауласында тұрған 20 мың теңге тұратын самаурынын ұрлап кеткені туралы арызданған.
Түркістандық полицейлер жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында 1983 жылы туылған Қызылорда облысының жұмыссыз азаматы ұсталған. Күдікті кінәсін толық мойындаған.
Тергеушілер анықтағандай, 33 жастағы күдікті соңғы үш айда орын алған 10 шақты пәтер ұрлығына қатысы бар болып шыққан. Ұсталған азамат жергілікті тұрғындардың үйіне есікті бұзып кіріп,көрінген заттарды ұрлап отырған. Ұрланған заттарды темір қабылдайтын орындарға өткізіп, ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жүрген.
Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 200 мың теңгеден асады. Күдікті қамауда. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 188-бабымен «Ұрлық» қылмыстық іс қозғалды.
- ОҚО
- ЮКО
- ДВД ЮКО
- ОҚО ІІД
- пәтер ұрлығы
- тонау
- Қызылордалық азамат ұсталды
- корерспондент
- қызық ақпарат