Мұхтар Тайжан: "Артур, митингке шыққан азаматтарды жамандауыңды тоқтат!"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Мұхтар Тайжан: "Артур, митингке шыққан азаматтарды жамандауыңды тоқтат!"

Үкімет жанындағы Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан сол комиссияның тағы бір мүшесі, журналист Артур Платоновтан қазақты жамандамауды талап етті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Біздің жұмысымыз жақсы басталды. Осы аптада көп жұмыс істедік. Бірақ, елімізде не болып жатқанын өзіміз көріп отырмыз. 21 мамырда Әнұранды айтқан қарындастарымызды милиция алып кетті. Ол не сонда? Апаларымызды, жетпістен асқан ақсақалдарымызды алып кетті. Ол қалай? Біз осында жұмыс істеп жатырмыз. Жақсы үрдіс басталды деуге болады. Билік пен халық арасында келіссөз жүруде. Бірақ, біз бір қолмен оны қолдап, ал, екінші қолмен митингке шыққан азаматтарымызды ұрсақ, қалай болады? Мен осы мәселені үшінші отырыста көтеріп отырмын. Біз тиісті органдарға үндеу жасауымыз қажет. Біз Кравченко (Бас прокурордың орынбасары - ред.) мырзамен осы аптада кездестік. Кездесу жақсы өтті. Бір-бірімізді түсіндік. Бірақ кеше қарасам, Бас прокуратурадан өте қатал мәлімдеме шықты. Сосын мен осында отырған Артур Платоновқа айтайын деп едім. Артур, митингке шыққан азаматтарды жамандауыңды тоқтат! Олар – Қазақстан азаматтары. Олар ешқандай бұзақылық жасаған жоқ. Митинг үшін ақша төлеп жатыр дейді, тағысын тағы. Бәлкім, біреу біздің бүгінгі процесімізді бұзғысы келетін шығар. Ұлтаралық араздық, ақша үшін, біреудің мүддесі дейді, билікті жаулап алғысы келді дейді. Ондайға бой бермеу керек. Мен өтінемін, тиісті органдарға үндеу жасайық», - деді М.Тайжан комиссия отырысында сөйлеген сөзінде. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО-да 2 жастағы бүлдіршін дәретханаға түсіп кетіп, тұншығып өлді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында өткен демалыс күндері оқыс оқиға орын алды. Ауданға қарасты Ақтөбе ауылында  екі жасар бүлдіршін көз жұмды. Ол үйінің ауласында ойнап жүріп, әжетханаға тү...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Депутат Артур Платоновқа жұмысын пантеонға ауыстыруға кеңес берді

Сенбі күні жер туралы комиссия отырысында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан журналист, ҚР Мәжілісінің депутаты Артур Платоновқа қатысты мәлімдеме жасап, одан митингке шыққан азаматтарды жамандауын доғару...

Korrespondent.kz Қоғам

Балалар үйінде болған ОҚО әкімінің көңіл-күйі түсіп кетті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов кезекті сапарын Шымкенттегі балалар үйіне арнап, көңіл күйі болмай қайтты.  Оның себебі де жоқ емес. ...

Korrespondent.kz Қоғам

МС Сайлаубекті атып кетті деген ақпарат жалған боп шықты

Алматының Ішкі істер департаменті МС Сайлаубекке оқ атылғаны туралы ақпаратты тексеруде. Бұл туралы NUR.KZ порталы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. ...

Korrespondent.kz Мәдениет

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter