Депутат Артур Платоновқа жұмысын пантеонға ауыстыруға кеңес берді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Депутат Артур Платоновқа жұмысын пантеонға ауыстыруға кеңес берді

Фото: total.kz

Сенбі күні жер туралы комиссия отырысында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан журналист, ҚР Мәжілісінің депутаты Артур Платоновқа қатысты мәлімдеме жасап, одан митингке шыққан азаматтарды жамандауын доғаруды талап етті.

 

Тіпті өз сөзінде Мұхтар Тайжан «Артур, митингке шыққан азаматтарды жамандауыңды тоқтат! Олар – Қазақстан азаматтары. Олар ешқандай бұзақылық жасаған жоқ» деп ашып айтқан еді. Қоғам белсендісінің бұл сөзі ел ішінде қызу талқыға түсті. Әсіресе әлеуметтік желіде депутатты жерден алып, жерге салғандардың қарасы көбейді. Бір қолданушының Платоновпен көрші екенін, оған айтар сәлемдеме болса, жеткізетінін айтып жазба жазғаны сол еді мұны оқығандар депутатқа жаппай қарсы шықты.  Тіпті бірі журналистің үстінен қалжыңдап, «Пантеонға жұмысын ауыстырсын. Даусы некоролг оқуға тамаша» деп жазса, келесісі Платоновтың балаларына жаны ашитынын жеткізген.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter