Желі қолданушысы: "Ақынның аузын жапқан деген не сұмдық?"
Қазақстанда айтыс өткізуге шектеу қойылды. Бұл туралы Мақсат Ілиясұлы деген желі қолданушынысы өзінің «фэйсбуктегі» парақшасында дабыл қақты.
«Кеше жер реформасы жөніндегі комиссияның жиналысына қатысқан Айтыскерлер қауымдастығының төрағасы Жүрсін Ерман ағамыз жиын үстінде соңғы уақытта жоспарланға үш айтыстың билік тарапынан шектеу қойылып, өткізілмей қалғанын мәлімдеді.
Қазақтың құдіретті өнерін, шындық алаңын шоуға айналдырмақ болған билік, биліктің «Нұр Отан» партиясы енді айтыс өнеріне мүлде тиым салғысы келіп отырған сияқты.
Қай заманда да, қай ғасырда да, қандай жағдайда да ханы да, қарасы да ақынның аузын жаппаған еді.
Бүгінгі билік қазақтың ұлттық өнерін өлтіруге барын салып жатыр» деп ызаланды Ілиясұлы. Бұл жазба өзге қолданушылардың да ашуын тудырды. Тіпті бірі «Не деген сұмдық?.. Біз қайда кетіп барамыз?» деп ренішін білдірсе, екіншісі «Масқара емес, айтысты жабу – халықты құл қылудың айғақтары» деп ойын жеткізген. Келесі бір қолданушы бұл ақпаратты анасына айтса, анасы 21 мамырда алаңға шығып кете ме деп алаңдатушылық білдірді. Айтпақшы,жазба авторы өз жариялынымында жиын кезінде мұны естіген Дос Көшім ашуға мініп, айтысқа шектеу қойғандарды жауапқа тартуды талап еткенін де атап өткен.
- айтыс
- Мақсат Ілиясұлы
- Фэйсбук
- Жүрсін Ерман
- Журсин Ерман
- Корреспондент
- қызық ақпарат