Қазақстандық заңгер "Еуразия" арнасының үстінен сотқа шағымданып, өзіне ақша өндіріп беруді сұрады
Қазақстандық заңгер Нұрхан Жұмабеков қазақстандықтарды отанын сатты деп айыптаған «Еуразия» арнасының қожайыны «Еуразия+ОРТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үстінен сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Qamshy.kz жазды.
Заңгер шағымды Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына тапсырған. Шағымданушы арнаны жауапқа тартып, өзіне моральдық шығын ретінде телеарна басшылығынан жүз мың теңге өндіріп беруді сұраған.
Естеріңізде болса, телеарна журналистері 24 сәуір күні Атырауда, 27 сәуірде Семей мен Ақтөбе қалаларында, ал 1 мамырда Қызылордада жердің сатылуына наразылық білдіріп митингке шыққан халықты шетелдік топтардан 50-150 АҚШ доллары көлемінде қаржы алды деп айыптаған болатын. Тіпті журналистер бұл мәлімдемелеріне дәлел ретінде белгісіз азаматтардың ақша таратып жүрген видеосын да көрсетті.
- Еуразия
- Евразия телеканал
- жер дауы
- Корреспондент
- Нурхан Жумабеков
- Нұрхан Жұмабеков
- қызық ақпарат