ОҚО әкімдігінің қызметкері із-түссіз жоғалып кетті
Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті із-түссіз жоғалған 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғынына іздеу салды, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
2016 жылдың 16 мамыр күні Шымкент ҚІІБ қаратау ПБ-не 61 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны өзінің 1988 жылы туылған ұлы Ахынов Амангелді 2016 жылдың 11 мамырында жұмысынан шығып, әлі күнге дейін үйіне оралмағаны туралы арызданған.
Белгілері: бойы шамамен 170-175 см, орта денелі, көзі қара түсті, шашы қысқа, қара түсті. Үстінде киген киімі костюм және көк түсті шалбар, ақ түсті көйлек және қара түсті аяқ киім болған.
Із-түссіз жоғалған азаматты іздеу мақсатында ОҚО Ішкі істер департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды.
Полицейлер Ахынов Амангелді туралы қандай да бір ақпарат белгілі болған жағдайда полицияға хабарласуын сұрайды. Тел.: 8-771-883-30-13, 8-747-909-99-66 немесе «102».
Айта кетейік, жоғалған азамат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде жұмыс істейді.
- ОҚО полицейлрі
- ДВД ЮКО
- полицейские ЮКО
- жоғалып кетті
- ОҚО баспасөз қызметі
- Амангелді Ақынов