20 жастағы жігіт көршісін соққыға жығып, құжаттарын унитазға ағызып жіберді
Өскеменде өзара сөзге келіп қалған екі ер азаматтың жанжалы күтпеген оқиғамен аяқталды. Жанжалдасқандардың бірі екіншісінің пәтеріне кіріп, ұялы телефоны мен банк картчокаларын және де құжаттарын қолды еткен. Бір қызығы, өшіккен азамат құжаттарды унитазға ағызып жіберген. Бұл туралы YK-news.kz жазды.
20 жастағы өскемендік тұрғын достарының үйінде қонақта болған. Баспалдақта досының көршісімен сөзге келіп қалады. Ақыры төбелеске ұласқан. Мәселені шешуге полицейлер келген. Алайда таяқ жеген көршісі шағым түсірмей, екеуара келісіммен аяқталды. Келесі күні жас жігіт досының көршісімен «азаматтарша» сөйлесуді жөн санап, үйіне баса көктеп кіреді. Бұл сәтте досының көршісі ұйықтап жатқан. Өкпесі тарқамаған азамат ұйқыда жатқан көршіні жұдырықпен ұрып оятып, пәтер иесінің ұялы телефоны мен әмиянын қалтасына салып алады. Құжаттардан ертерек арылу үшін унитазға ағызып жіберген. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша іс қозғалғанымен көршісі жігітке тағы да кешірім бергендіктен, азамат қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
- Өскемен
- унитаз
- құжат
- Корреспондент
- қызық ақпарат