Шымкенттік журналист Елбасыдан министр Қасымовтың жұмыстан кетуін талап етті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

 Шымкенттік журналист Елбасыдан министр Қасымовтың жұмыстан кетуін талап етті

Фото: news.caravan.kz

Шымкентте жарыққа шығатын  «Темірқазық-ой» газетінің бас редакторы Анара Сүлеева ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың жұмыстан кетуін талап етті. Бұл туралы мәлімдемесін журналист әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында жазды.

 

«Бүгінгі жаңалықтарда жағаны ұстатқан, Елбасының саясатына қарсы шығып отырған ІІМ Қ.Қасымов мырза Парламент табалдырығында тұрып өзінің мемлекеттік тілге деген құрметін айқын көрсетті. Елбасы "Сұрақ қай тілде сұратылса, сол тілде жауап бермесе жұмыстан кетуіне, жауапқа тартылуына шара көріледі» " деген болатын. Енді, Парламенттің мінберінде тұрған Қасымов мырзаға депутаттар неге мемлекеттік тілде жауап беріңіз деп талап қоймады? Машинист-депутат өз сөзінде тұрып сауалды қазақ тілінде берген кезде Қасымов мырзаның құлағынан аударма құлаққапты шекені мемлекеттік тілді түсінбегенін білдірмей ме?» деп жазды Сүлеева. Тіпті өз жазбасында журналист Елбасыға қарата: «Сіздің саясатыңызға қарсы шыққан, мемлекеттік тілді менсінбеген, Тіл туралы заңды бұзып, тілімізді қорлаған Қасымов мырзаның жұмыстан кетуін Қазақстан мемлекетінің азаматшасы ретінде талап етемін» деген сөздермен талабын білдірді. Сонымен қатар автор министрдің бұл әрекетін заңға менсінбеушілікпен қарады деп айыптап, орындалмайтын заң шығаратын Парламентті де сынап алды. Тіпті олардың жұмыс жасап тұруы да заңсыз деп ойын түйіндеді журналист.  

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

серікбай
+9 серікбай 17.05.2016 19:09
#1289
серікбай. жаңаөзен
сс, 17/05/2016 - 16:03

Елбасы сізді қазақтың жақсылығы-адам қылып тәрбиеледі. 25 жыл сізге сенім артты,енді неге қазақ тілі,қазақ ұлты,жері жақбай қалды? Не деген асығыстық тілмен жерді қуртуға? Тілмен-жер мәселесін теқ қазақ халқы шешеді.Жоғарыда отырған мешкейлер немесе,жер комиссиясы шешпейді,оның шешімі қажет емес, тілде жермен бірге, өйткені ата бабамыздың сүйегі аруағы бар, ал бізде тілімен жері үшін қан төккен қазақтың қаны бар.
Жауап беру
Alac
0 Alac 19.05.2016 22:50
Ote durys talap!
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter