Көпшілікке белгісіз азамат өзін Маржан Тұрлыбаеваның әкесімін деп таныстырды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Көпшілікке белгісіз азамат өзін Маржан Тұрлыбаеваның әкесімін деп таныстырды

Көпшілікке белгісіз азамат өзін өмір бойына жындыханаға жабылып, күні бүгін сот шешімімен бостандыққа шығатын болған Маржан Тұрлыбаеваның әкесімін деп есептейді. Нақтырағы, Ермек Мадуарбекұлы есімді азамат өзін бойжеткеннің әкесімін деп таныстырған және құзырлы мекемеге арызданып, сараптама тағайындауды сұранған. Бұл туралы өмірінің сегіз жыл уақытын жындыханада өткізген Маржанның проблемасын алғаш көтерген журналист Гүлжан Байназарова айтты. Тұрлыбаеваның әкесімін деп таныстырған азамат ДНК сараптамасының нәтижесін күтіп отыр. Оң нәтижесі шығарына сенімді. Тіпті ол әкелік міндетін орындауға әзір екенін де жеткізді.

 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Түркістандағы психо-неврологиялық мекемесіне өмір бойына тоғытылған ару Маржан халықтан араша сұраған болатын. Ол өзін тәуелсіз сарапшылардың тексерісінен өткізуді талап еткен. Бұл мәселе елді елеңдеткізбей қоймады. Шымкенттік мамандардың дені сау емес деп тағайындаған сараптамасын алматылықтар жоққа шығарды. Алайда осыдан браз уақыт бұрын оған тағы да шымкенттік мамандар сараптама жасайтыны белгілі болды. Соңғы сараптама қорытындысы бойынша бойжеткен Маржанның ақыл-есі дұрыс, өз әрекетіне жауап беретіндей жағдайда екені анықталып, сот оны жындыханадан босату туралы шешім шығарды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Гуля
+1 Гуля 14.05.2016 01:26
Меним ойым Маржанын еш кинаси жок, Ол кыздын жанашыры болмагандыктан осындай куйге Тусти , неге бостандыкка жибермейсиздер ?! Маржан Бул сенин сынагын Бул омирдеги, кажыма СЕН МЫКТЫСЫН соны умытпа!!!
Жауап беру
орынбек
0 орынбек 15.05.2016 11:18
әлгі кісі әкесі екені рас әрі нағыз жанашыр азамат болса осы уақытқа дейін не бітіріп жүрген?
Жауап беру
орынбек
0 орынбек 15.05.2016 11:21
бәрінен бұрын психолог мамандардың көмегі де қажет болады. жүрек жарасын тек тауып айтылған орынды сөзбен ғана емдеуге болатыны белгілі емес пе?
Жауап беру
Саяна
0 Саяна 16.05.2016 10:23
өтірік қай тараптан болса да Аллаһтан болар жазасы
Жауап беру
Сейтказым
0 Сейтказым 16.05.2016 14:38
Ермек акесымын депты кажет кезынде кол ушын бермей енды табылып калыптыма.Акшасына бола келып отырган акесы шыгар.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Қыдыр болма, Қыдырәлі бол...

Көршіні таңдауға болар, ата-ананы, туысты таңдай алмайсыз. Шіркін, бұларды да таңдай алсаңыз ғой... Егер бұларды да таңдауға мүмкіндік болса, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр аға...

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ Саясат

«Алты ай бойы Отырарды ала алмау...» немесе Қайыр ханға бір ескерткіш қимағанымыз қалай?

Төске өрлеген даңқы мен 200 мың әскері бар жауға тойтарыс берген кіп-кішкентай Отырардың біз білмейтін құпиялары қалды ма? Тек жеңiспен көзiн ашқан Шыңғыс ханның ұрпағының сүйегiне зор таңба, намысына...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Билік «Қожанасырлардан» құтылып, өтірігіне иландыра алатын «Алдар Көселер» табуы керек

Сәт сайын құбылған дәл қазіргі аласапыран заманда Қазақстанның аса күрделі, қиын кезеңге аяқ басқанын ешкім жоққа шығара алмас. Уақыттың беталысы алабөтен. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санк...

Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК Саясат

Мұнайсыз келешек қандай болмақ?

Қазақстан десе, «мұнайлы ел» деген сипаттама қоса жүреді. Жаратқанның жеріміздің қойнауына салып берген байлығын шикідей сатып, халықты асырап келеміз. Ол біздің басты брендімізге айналды. Алайда, м...

Жанат ҚАПАЛБАЕВА Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Сайт DivideGroup әзірлеуші тобымен жасалған

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter