Шымкентте қайын атасы күйеу баласының құрметіне турнир өткізіп берді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жұма, 20 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

Шымкентте қайын атасы күйеу баласының құрметіне турнир өткізіп берді

Фото:novostimoldova.ru

Шымкентте бокстан Сидней Олимпиадасының күміс медаль иегері Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған турнир өтті. Бұл додада әлемнің бес елінен, нақтырақ айтқанда Қазақстаннан бөлек Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның жас спортшылары бақ сынасты. Қатысушылар 13 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Жарыстың ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековпен бірге бірқатар спорт ардагерлері қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бес күнге жалғасқан турнирде он үш алтын медаль сарапқа салынған болса, соның онына оңтүстікқазақстандық спортшылар ие болды.

 

Бұл турнирді Оңтүстік Қазақстан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі ұйымдастырып отыр. Тілшілерге берген сұхбатында Мұхтархан Ділдәбеков аталған мектепке осындай халықаралық дәрежедегі турнирді өткізіп отырғаны үшін алғыс білдірді. Айта кетейік, Ділдәбеков алғыс білдірген спорт мектебіне өзінің қайын атасы, яғни, жары Альбина Елшиеваның әкесі Балғабай Елшиев басшылық етеді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Сара
+1 Сара 17.05.2016 19:05
Қатын алма,қайын ал-дегенді Ділдәбеков мықтап ұстанған екен....Марқұм,қыздай алған әйелі,қазақтың жарамды қызы еді...жарықтық ,жатқан жері жайлы болсын! Еңсесін бір көтеріп,жанында жары ретінде жүрмеді..Шемпионның қызығын Альбина ханым көрді,көзі тірісінде-ақ. Мұхтарханға емес,басқа жігітке жар болғанда,әлі тірі жүретін бе еді,деген арман ғой біздікі...
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Әнші Жазира Байырбекова халықтың арқасында жағдайларын жасап отырған дөкейлерге қызыға қарады

Әнші Жазира Байырбекова халықтың атынан қарыз алып, жеке бастарының жағдайын жасап отырған дөкейлерге қызыға қарап, астарлы ойын жеткізді. Бұл туралы ойымен өнер жұлдызы «инстаграм» желісіндегі парақш...

Korrespondent.kz Мәдениет

Қаржыдан қиналған жап-жас қазақ қыздары қалталыларды іздей бастады

Дағдарыстан қиын қаржылық жағдайға түскен қазақ қыздары арасында "қалталы спонсор" іздейтіндер көбейіп кеткен деп жазды  NUR.KZ порталы. Нәзік жандылар қаржылай көмек жасайтын қалталы азаматтармен кө...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да әр аудан әкімі жылына 23 млн теңге жалақы алады

Министр, әкім, прокурор мен полицейге бюджеттен қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды. Бұған дейін құпия ұсталып келген  мәлімет «Ашық бюджет» сайтына жарияланып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.  ...

Korrespondent.kz Саясат

Ділнәз Ахмадиева қазақ тілі курсына барып жүргенін айтып мақтанды

Танымал әнші Ділнәз Ахмадиеваның қазақ тілін кәсіби түрде үйреніп жүргеніне бір жарым ай болыпты. «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасында әнші осылай деді. Со...

Korrespondent.kz Мәдениет

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter