ОҚО әкімі "жап-жаңа" шымкенттіктермен тілдесіп қайтты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Бейсенбi, 19 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО әкімі "жап-жаңа" шымкенттіктермен тілдесіп қайтты

Фото:http: tvk-uko.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласына қарасты Қаратау аудандық әкімдігіне Сайрам ауданынан жаңадан қосылған бірқатар елді мекендердегі нысандарды аралады. Сондай-ақ, ондағы жергілікті тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Жұмыс сапарына облыстық мәслихат депутаты Р.Омаров пен қалалық әкімдіктің жетекшілері де қатысты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

 

Жұмыс тобы ең алдымен ондағы орталық саябақты көрді. Демалыс орнын қайта жөндеуден өткізіп, жергілікті халық үшін ыңғайлы орынға айналдыру керектігін айтқан облыс әкімі бұл мәселені шешу ісін қала әкімдігіне жүктеді. Мұнан соң, Атамқұлов аудандағы №1 қалалық ауруха мен №12 емхананың жағдайымен танысты. Мұндағы басты проблема – жергілікті халық үшін медициналық жедел жәрдем бөлімшесінің жоқтығы. Мәселеге қанық болған аймақ басшысы ауданнан жедел жәрдем стансасын салуды жауапты мамандарға тапсырды.

Бұрынғы Сайрам ауданына қараған орталық базар жұмысшы топтың назарынан тыс қалған жоқ. Ондағы сауда орындарының орналасу тәртібі мен жол бойындағы көлік кептелісіне куә болған өңір басшысы жауапты сала мамандарына сол маңнан арнайы автотұрақ салуды жүктеді.

Әкімге мәлім болған тағы бір мәселе – ол Сайрам халқы үшін халыққа қызмет көрсету орталығының жоқтығы еді. Жергілікті жұрттың құжаттарын реттеу үшін қалаға сабылатынын тыңдаған облыс әкімі ондағы облыстық өзбек театрының ескі ғимаратын халыққа қызмет көрсету орталығына айналдыру тапсырмасын жүктеді.

Жұмыс тобы сонымен қатар қайта жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген Мәртөбе тариxи ескерткішін көрді. Ауданның тыныс-тіршілігімен танысқан аймақ басшысы Сайрамдағы тас жолдың қайта жөндеуі мен күрделі жөндеу жұмыстарын 2016-2017 жылдары аяқтап, аяқжолдарды ретке келтіру мен көшелердің жарықтандырылуын, сонымен бірге, су құбыры жүйелерін қалпына келтіру тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жақын маңдардағы карьерлерден инертті материалдарды Сайрам арқылы тасымалдауға тыйым салу жоспарлануда.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

 Шымкенттік журналист Елбасыдан министр Қасымовтың жұмыстан кетуін талап етті

Шымкентте жарыққа шығатын  «Темірқазық-ой» газетінің бас редакторы Анара Сүлеева ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың жұмыстан кетуін талап етті. Бұл туралы мәлімдемесін журналист әлеуметтік ...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттің белсенділері жерге қатысты митинг өткізуге рұсқат бермеген әкімдікті сотқа бермекші

Шымкенттік белсенділерге 21 мамыр күні «Қазақстан жерін сатуға және шетелдіктерге 25 жылға жалға беруге қарсы» митинг өткізуге рұқсат бермеді деп хабарлайды Азаттыққа белсенді Ибраһим Әлсерке. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да жоғалып кетіп, қайта табылған әкімдік қызметкері: «Осы жағдайдан соң әкем мені үйлендіретін болды»

Естеріңізде болса, мамырдың 11-інде жұмыстан қайтқан облыс әкімдігінің баспасөз қызметкері Амангелді Ақынов із-түссіз жоғалып, 17 мамырда Қызылордадан табылған болатын. Ол өзінің бұл әрекетінің себебі...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкентте қайын атасы күйеу баласының құрметіне турнир өткізіп берді

Шымкентте бокстан Сидней Олимпиадасының күміс медаль иегері Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған турнир өтті. Бұл додада әлемнің бес елінен, нақтырақ айтқанда Қазақстаннан бөлек Моңғолия, Өзбекс...

Korrespondent.kz Спорт

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter